2020 жылы 6 млн-нан астам әкімшілік хаттама электронды форматта толтырылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Өткен жылы 2020 жылы 6 млн-нан астам әкімшілік хаттама мен нұсқама электрондық форматта ресімделді. Бұл туралы бүгін ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің цифрлық жобаларын таныстыру барысында белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжановтың айтуынша, «Әкімшілік іс жүргізулердің бірыңғай тізілімі» әкімшілік істерді электрондық форматта жүргізуге мүмкіндік береді. Жүйеге 60-тан астам мемлекеттік орган қосылған. Электрондық әкімшілік хаттамалар планшеттерде 5-10 минут ішінде айыппұл туралы адамға SMS хабарлама жіберу арқылы рәсімделеді.

Айыппұлдарды төлеу рәсімдері жеңілдетілді. Енді мұны төлем картасының, «Қазпошта» АҚ-ның көмегімен немесе екінші деңгейдегі банктер мен олардың төлем терминалдары арқылы жасауға болады.

Бүгінде полицейлердің жол қозғалысы ережелерін бұзғандарға айыппұл төлету және хаттамаларды рәсімдеу процесі 100 пайыз автоматтандырылған. Нәтижесінде 2020 жылы 6 млн-нан астам әкімшілік хаттамалар мен нұсқамалар электрондық форматта ресімделді.


Соңғы жаңалықтар