2020 жылы 936 мыңнан астам адам АӘК алды
АӘК отбасының әрбір мүшесіне жан басына шаққандағы орташа табысы өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ынан төмен азаматтарға тағайындалады.
Бұдан басқа, АӘК көрсетудің жаңа тетігін іске асыру шеңберінде еліміздің барлық өңірінде табысы аз отбасылардың мектеп жасына дейінгі балаларын кепілдік берілген әлеуметтік топтамамен (бұдан әрі – әлеуметтік топтама) қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізілуде.
2020 жылдың қорытындысы бойынша АӘК алушылар қатарындағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі 218,2 мың бала азық-түлік және тұрмыстық химия жиынтығы түрінде әлеуметтік топтама алды.
Естеріңізге сала кетейік, 119,7 мың отбасындағы 614,3 мыңнан астам қазақстандыққа 2020 жылғы IV тоқсанда атаулы әлеуметтік көмек тағайындау мемлекеттік инстанцияға жүгінбей-ақ автоматты түрде ұзартылды.
АӘК алушыларға бұдан бұрын, II және III тоқсанда ТЖ режимі мен карантиндік шектеу шараларының қолданылуына байланысты көмек тағайындау ұзартылған болатын.
Сонымен қатар, аталған практика 2021 жылғы 1 тоқсанда барлық АӘК алушыларға қолданылды. Бұл шаралар халық арасында вирустық инфекцияның таралу қаупін азайтуға мүмкіндік береді.