2020 жылы дәрігерлердің жалақысы 30 пайызға өседі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру  барлық қазақстандық қамтуы тиіс. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин  айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға көшуге толық дайындықты қамтамасыз ету міндетін қойды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында әлеуметтік медициналық сақтандыруды іске асыру мәселесіне үлкен жауапкершілікпен қарау қажеттігін ескертті. Онымен барлық қазақстандық қамтылуы тиіс. Ол үшін барлық деңгейдегі медициналық мекемелер қажетті ақпараттық жүйелерге қосылуы керек. Әрбір азаматтың деректері жаңартылуы тиіс», - деді А. Мамин Үкімет отырысында.

Премьер-Министр МӘМС енгізу бойынша пилоттық жобаның нәтижесін оң бағалап, Қарағанды облысының бұл тәжірибесін басқа өңірлер де ескеруі қажет екенін айтты.

«Осы жылдың соңына дейін Денсаулық сақтау министрлігі әкімдіктермен бірлесіп,  медициналық ұйымдар мен медициналық сақтандыру бойынша жұмысты бастауға толық дайындығын қамтамасыз етсін. Өңір әкімдіктері Денсаулық, Еңбек, Қаржы министрліктерімен бірлесіп, деректерді жаңартуды аяқтасын. Білім және ғылым, Әділет, Еңбек министрліктері балалар, студенттер мен үш жасқа дейінгі балаларды тәрбиелеп отырған, жұмыссыз азаматтар бойынша ақпараттық жүйелердегі деректердің дәлдігін қамтамасыз етсін», - деді Үкімет басшысы.

Соңғы жаңалықтар