2020 жылы Қазақстанда 15,3 миллион шаршы метр тұрғын үй салынды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2020 жылы Бірыңғай тұрғын үй саясатын жүзеге асыру жөніндегі бағдарламаның аясында барлық қаржыландыру көздерінен 15,3 млн. шаршы метр тұрғын үй саланып, 2019 жылғы көрсеткіштен 16,8% артты.
Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Сайттағы мәліметтерге қарағанда, жыл қорытындысы бойынша республикада барлығы 140 336 тұрғын үй пайдалануға берілді (оның 41 193 жеке үй), бұл өткен жылмен салыстырғанда сандық өсімі бойынша 21,8% құрады.
Өткен жылмен салыстырғанда тұрғын үйді пайдалануға беру көлемінің өсуі 15 аймақта байқалады:
Қарағанды (125,8%), Солтүстік Қазақстан (122,4%), Жамбыл (121,7%), Шығыс Қазақстан (119%), Түркістан (118,6%), Қостанай (113,1%), Павлодар (112,1%), Батыс Қазақстан (109,1%), Ақмола (107,4%), Алматы (106,9%), Ақтөбе (101,8%), Маңғыстау (101,5%) облыстары және Нұр-Сұлтан (172,6%), Шымкент (123,9%) және Алматы (114,2%) қалалары.
«Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық дамуының мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрғын үй мәселелерін шешу және тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы жағдайлар жасау бойынша кешенді жұмыстар жүргізілуде. Оның мақсаты тұрғын үйдің қол жетімділігі мен жайлылығын арттыру және тұрғын үй инфрақұрылымын дамыту.
Бағдарламаны іске асыру жеке инвестицияларды тартуды ынталандырғанын атап өткен жөн. Жыл қорытындысы бойынша 1 теңге мемлекеттік қаражатқа 4 теңге жеке инвестиция тартылды.
2020 жылы тұрғын үй құрылысына шамамен 2 триллион теңгені құрайтын инвестиция тартылып, 2019 жылғы деңгейден 33,6% артты.
- Қазақстандықтар жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу мерзімін бұзғаны үшін айыппұл төлемейді
- Қазақстанда мүлік иелері бірлестігінің 1 132 жаңа нысаны құрылды
- Баспанасы банктің балансында тұрған 1 350 ипотека алушыға қосымша көмек көрсетілді - агенттік
- Тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторы жаңа атауға ие болды
-
Түркістан облысының Леңгір қаласында Оқушылар үйі салынады
-
Жеңіс Қасымбекке Жезқазған, Сәтбаев қалаларын дамыту жоспары баяндалды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам