2020 жылы Қазақстанда тұрғын үй бағасы қымбаттады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2020 жылы Қазақстанда қайталама нарықтағы үйлердің бағасы 13,2 пайызға қымбаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросынан мәлім еткендей, 2020 жылғы желтоқсанда (2019 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда) қайталама нарықтағы абаттандырылған тұрғын үйлерді сату бағасы – 13,2 пайызға, жаңа тұрғын үйлердің құны 5 пайызға өсті. Абаттандырылған баспананы жалға алу төлемі 8,1 пайызға жоғарылады.

Жаңадан салынған үйлердің 1 шаршы метрінің республика бойынша орташа бағасы – 307 600 теңге, қайталама нарықтағы үйлердің 1 шаршы метрінің құны 228 218 теңге көлемінде қалыптасып отыр.

Абаттандырылған үйлердің арендасы 1 шаршы метрі үшін 1639 теңгені құрап отыр.


Соңғы жаңалықтар