2020 жылы Нобель сыйлығы онлайн форматта табысталады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әлемдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты 2020 жылы Нобель сыйлығын табыстау рәсімі онлайн-форматта өтеді. Бұл туралы ҚазАқпарат агенттігі Нобель комитетінің сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Жоспар бойынша, Нобель сыйлығы лауреаттарының есімдері 5-12 қазан аралығында жарияланады. Салтанатты рәсім Стокгольм мэриясынан трансляцияланбақ, оған түрлі елдер қосылады. Бұған дейін іс-шара Стокгольм филармониясында өтетін.

Марапаттар жеңімпаздарға елшілік пен университет өкілдері арқылы табысталады.


Соңғы жаңалықтар