2020 жылы рекордтық көлемде тұрғын үй пайдалануға берілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2020 жылы рекордты 15,3 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Құрылыс секторында 11,2 пайыз деңгейінде жоғары өсім байқалады. Қызылорда облысын есепке алмағанда, барлық өңірлерде өсу тіркелді. Құрылыс жұмыстарының жоғары өсуін Түркістан облысы және Шымкент қаласы көрсетті», - деді министр.

Оның атап өтуінше, 2020 жылы рекордты 15,3 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.

«Бұл өткен жылмен салыстырғанда 16,8 пайызға жоғары. Төмендеу Қызылорда және Атырау облыстарында тіркелді», - деді Руслан Дәленов.


Соңғы жаңалықтар