2021 жылдан сотталушылардың тамақтану нормасы өзгереді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2021 жылдан бастап елімізде сотталушылардың тәуліктік тамақтануына бөлінетін қаражат 1,7 есеге өседі. Бұл туралы бүгін ҚР Ішкі істер министрлігі Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің төрағасы Жанат Ешмағамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тамақтануды ұйымдастыру мәселесімен мекеменің өзі, сонымен қатар «Еңбек» РМК айналысады. Асхана жұмысшысы ретінде сотталушылар да, ерікті түрде жалдамалы азаматтар да жұмысқа тұра алады. Тиісінше жалақы төленеді. Тамақтану нормативін Қазақ тағамтану академиясының ұсысы негізінде Үкімет бекітеді. Азық-түлік тізілімі 26 атаудан тұрады. Бүгінде қазіргі бағаларға сәйкес, тәуліктің норма бір адамға 630 теңгені құрайды. Қазіргі уақытта министрдің тапсырмасына сәйкес, бұл мәселе пысықталды және азық-түлік тізілімі мен олардың салмағын 26-дан 32 атауға дейін арттыру ұсынылады. 2021жылдан бастап тіуліктің норматив 1 050 теңгені құрайтын болады», - деді комитет төрағасы Ішкі істер министрлігі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар ол азық-түлік тізілімі мен тәуліктік нормативтің арттырылу себебін де түсіндіріп өтті.

«Құқық қорғаушылардың ұсынымдарын ескере отырып, қазіргі баға кезінде нормативті арттыратын боламыз. Тамақтану әртүрлі әрі рационды болуы тиіс. Қазақ тағамтану академиясының да ұсынымы бар. Онда мұның барлығы да ескерілген», - деді Жанат Ешмағамбетов.


Соңғы жаңалықтар