2021 жылдың көктеміндегі мәслихат сайлауы қызықты өтеді - Төлеутай Рахымбеков

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ұлттық аграрлық ғылыми білім беру орталығының басқарма төрағасы Төлеутай Рақымбеков Мемлекет басшысы қол қойған саяси партиялар және сайлау туралы заңдарға орай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін Мемлекет басшысы «Саяси партиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы« және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының жобаларына қол қойды. 2019 жылдың желтоқсанында өткен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысындағы Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев жария еткен саяси реформларды ары қарай дамытудағы, демократия жолындағы іс-шара ретінде осы екі Заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізу қажеттігін жариялаған болатын«, - деді ол.

Оның атап өтуінше, 2016 жылдың наурызында елімізде ҚР Парламенті Мәжілісінің және мәслихат депуттарының сайлауы өтті. Республиканың Конституциясында депутаттардың өкілеттігі 5 жыл деп көрсетілген. Сондықтан келесі кезекті сайлау 2021 жылдың наурыз айынан кешіктірілмей өтуі тиіс.

»Демек, саяси партияларға 10 айдай уақыт қалды. Мәселен, келесі мәслихат депутаттарын сайлау ерекше болады. Өйткені, депутаттар партия ұсынған тізім бойынша сайланады. Осыған орай аудандарда, облыстарда, қалаларда сайлау өткізудің маңызы арта түседі деп ойлаймын. Бұған қоса, партия тізімін ұсынған кезде ондағы әйелдер мен 29 жасқа толмаған жастардың үлесі 30 пайыздан кем болмауы тиіс. Бұл әйелдер мен жастарға үлкен жол ашады«, - деді орталық төрағасы.

Сарапшының атап өтуінше, дәл осы заң жобаларын Парламент қабырғасында талқылау барысында партиялық тізіміне енетін әйелдер мен жастардың үлесі 50 пайыздан асуы тиістігіне қатысты да қызу пікірталас болған.

»Пікірталас болған кезде жұмыс тобының кейбір мүшелері әйелдер мен жастардың үлесі 50 пайыздан асса деген ұсыныс жасады. Бұған пікір алмасу барысында келісті. Заңда әйелдер мен жастардың үлесі 30 пайыздан шектелсін делінген жоқ. Бұл төменгі көрсеткіш. Олардың үлесі 34, 45, 55 пайыздан жоғары болса да шектеу қойылмайды. Меніңше, алдымыздағы сайлау өте қызықты өтеді. Оның ішінде мәслихат депутаттарын партиялық тізіммен сайлануы сайлауға тың серпін береді«, - деді Төлеутай Рахымбеков.

Соңғы жаңалықтар