+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

2022 жылдан бастап стационарлық медициналық көмек көлемін бөлу автоматтандырылады

2021 жылғы 11 мамыр 14:39
Бөлісіңіз:
2022 жылдан бастап стационарлық медициналық көмек көлемін бөлу автоматтандырылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2022 жылдан бастап стационарлық және стационарды алмастыратын медициналық көмек көлемін бөлуді автоматтандыру жоспарланған. Бұл жайында Мәжіліс депутаттарының сауалына ҚР Премьер-Министрі Ералы Тоғжановтың жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2022 жылдан бастап стационарлық және стационарды алмастыратын медициналық көмек көлемін бөлуді автоматтандыру жоспарланған. Мемлекет басшысының 2023 жылға қарай медицина қызметкерлерінің жалақысын экономикадағы орташа жалақыдан 2 есе арттыру жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында бірыңғай әдіс әзірленді. Оған сәйкес, айлықты арттыру лауазымдық жалақы коэффициентіне тиісті түзетулерді енгізу жолымен жүргізіледі», делінген Ералы Тоғжановтың жауабында.

Үкімет басшысының атап өтуінше, денсаулық саққтау субъектілерін төлем жасау ережесіне сәйкес, 2021 жылдың қаңтарында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жеткізушілердің келісімімен келісімшарт сомасының 30-50 пайызы мөлшерінде аванстың төлем жасады.

«Аванстыңтөлемнің жалпы сомасы 319 млрд теңгені немесе медициналық ұйымдардың орташа есеппен 3 айлық қажеттілігін құрады. Осылайша, медицина ұйымдары қаражатты дұрыс жаратқан жағдайда ағымдық шығындарын қаржыландыруда, оның ішінде жалақы төлеуде проблема туындамайды», - деді Премьер-Министрдің орынбасары.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT