+7 (701) 759 90 19
USD 435.76 EUR 493.41
RUB 5.89 CNY 68.37
Jańalyqtar

2022 жылы елордада ескі үйлердегі тұрғындардың мәселесі шешіледі

2021 жылғы 15 қазан 15:03
Бөлісіңіз:
2022 жылы елордада ескі үйлердегі тұрғындардың мәселесі шешіледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорда әкімі Алтай Көлгінов 2022 жылы қаладағы ескі үйлердегі тұрғындардың мәселесі шешілетінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Елордада тұрғын үй меншік иелері бірлестігінің орталығы ашылды «Елорда көршілері» тұрғын үйді басқару және дамыту бағдарламасы іске қосылды Тұңғыш Президент күні елордада қанша нәресте дүниеге келді

«Сарыарқа және Алматы аудандарында барак үлгісіндегі ескілер үйлер баршылық. Сонымен қатар ескі жатақханалар мен тозығы жеткен бес қабатты үйлер көп кездеседі. Биыл 257 отбасыны көшіреміз», - деді А. Көлгінов елорда мәслихатының кезектен тыс сессиясында.

Оның айтуынша, үлескерлер мәселесі толық шешілгеннен кейін, негізгі екпін апатты ескі үйлерге қойылады.

«2022-2023 жылдар үлескерлер проблемасын шешеміз. Ал 2022 жылдан бастап ескі үйлерді бұзуға ерекше мән береміз. Осы орайда апатты үйлердегі тұрғындарды жаңа баспанаға көшіреміз», - деді қала әкімі.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Алтай Көлгінов үлескерлер мәселесі қалай шешіліп жатқанын айтты.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT