2025 жылға дейін 5 мың мектептің инфрақұрылымы жаңарады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2025 жылға дейін 5000 мектептің инфрақұрылымы жаңартылады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тағы бір маңызды бағыт – мектептің инфрақұрылымын жаңарту. 2025 жылға дейін 5000 мектептің инфрақұрылымы жаңартылады. Ол дегеніміз – балаларға қауіпсіз және қолайлы жағдайларды жасау, жоғары жылдамдықты Интернетпен, пәндік кабинеттермен қамтамасыз ету, мектеп жиһаздарын жаңарту, мектеп кітапханалары мен асханаларын жаңарту, күрделі және кешенді ағымдағы жөндеу жүргізу және тағы басқа бастамалар. Осы мақсатта нақты кесте жасалып, әр аудан мен облыс бойынша тиісті жоспар бекітіліп жатыр», - деді министр.

Оның атап өтуінше, инклюзивті білім беру үшін жағдай жасау жұмысы жалғасады.

«Ерекше балаларға арналған ұйымдарды ашу нормативі 50 мың балаға 1 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация дейін өзгереді. Бұл осы ерекше балақайларымыз үшін өте қажет шешім екені сөзсіз. Аймақтарда 46 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация және 33 түзету кабинетін құру қажет. Әкімдіктерден осы жұмысты қысқа мерзім ішінде жүзеге асыруларын сұраймын.Буллингтің, суидцидтің алдын алу, балалар үшін қауіпсіз орта қалыптастыру және балаларды қауіпсізтасымалдау үшін автобус паркін жаңарту жұмысы да қолға алынады», - деді Асхат Аймағамбетов.


Соңғы жаңалықтар