+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

2025 жылға дейін Ақтөбеде ауызсумен қамту көрсеткіші 100% жеткізіледі

2021 жылғы 25 маусым 04:00
Бөлісіңіз:
2025 жылға дейін Ақтөбеде ауызсумен қамту көрсеткіші 100% жеткізіледі

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде ауыз сумен қамту көрсеткіші 90 пайыздан асты. 2025 жылға дейін барлық ауыл ауыз сумен қамтылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ұлттық кеңес мүшесі: Әкім сайлауы –  мажоритарлық саяси жүйе құрудың алғашқы қадамы Маңғыстау облысында жол қозғалысы ережелерін бұзған кортеж жүргізушілері ұсталды Ақтөбелік ортақ үй сатып алу үшін танысына 14 млн теңгесін берген

Ойыл ауданында шағын ауыл тұрғындарын ауыз сумен қамту, ауылдардың жолдарын жөндеу, бұқаралық спортты дамыту, жалдамалы-коммуналдық тұрғын үй салу жұмыстары тексерілді. «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» атты «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын орындаудың Жол картасы бойынша атқарылған жұмыстарды облыстық мәслихат депутаттары, «Nur Otan» фракциясы жетекшісі мен мүшелері бақылап қайтты. Жол картасы бойынша 5 жылда 18,6 мың адамды немесе аудан тұрғындарын 100% сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жоспарланған. Соның ішінде биыл ауыз су Қаракемер, Ақшатау, Көсембай, Ақкемер, Бестамақ ауылдарына жеткізіледі. Депутаттар бақылау жұмыстарын Бестамақ ауылынан бастады.

Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Таңат Нұрымгереевтың айтуынша, елді мекендердің 68 пайызы орталықтандырылған ауыз сумен қамтылады. Оның ішінде Бестамақ елді мекеніне республикалық және облыстық бюджеттен 240 млн теңге қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстарын қараша айында аяқтау жоспарланған.

-Ауданымызда қазір 22 елді мекен бар. Жол картасы негізінде 200 тұрғынға жетпейтін елді мекендерді модульдік кешенді ауызсумен қамту жоспарланды. Соның негізінде жергілікті бюджеттен 75 млн. теңге бөлініп, қазіргі таңда 5 елді мекенге күзге дейін ауыз суы жеткізіледі. Ал Қарасу мен Шұбаршының халқы 200-ден асатын болғандықтан орталықтандырылған ауыз су тарту жоспарлануда. Биыл смета жасақталып, сараптамадан өткізілген соң 2022 жылға бюджеттік өтініс тапсырылады, - деді бөлім басшысы.

Қобда ауданында да партияның сайлауалды бағдарламасын орындаудың Жол картасы тексерілді. Депутаттар Талдысай ауылындағы жол жөндеу жұмысын көрді. Бұл мәселені ауыл ұстазы Айбек Қосмағамбетов партия Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің онлайн қабылдауында айтып, өтініш білдірген болатын. Тұрғындар тілегімен ауылдың жолы Жол картасына еніп, Ә.Молдағұлова көшесін жөндеуге облыстық бюджеттен 65,5 млн теңге, Абат Байтақ көшесіне 140 млн теңге қаражат бөлінді.

- Біздің ауылымызда барлық жағдай жасалған. Газ, суымыз келіп тұр. Енді жол мәселесі шешілсе, ауылымыз гүлдене түсетініне сенеміз. Жалпы жол мәселесінің шешілгені бүкіл ауыл тұрғыны, әсіресе жастар үшін зор қуаныш болды, - деді тұрғын Айбек Қосмағамбетов.

Депуттар «Мәңгілік ел» атты саябақтың жарықтандыру мен күтіп ұстау жұмыстарын қарап, жол картасының орындалуын кеңесте талқылады.

-Саяси науқанның алдында «Nur Otan» партиясы өзінің 5 жылдық сайлауалды бағдарламасын қабылдаған болатын. Оны жүзеге асыру үшін аймақтық Жол карталары жасақталып, мәслихаттардағы фракция мүшелері нақты индикаторларға жауапты болып бекітілді. Бүгінгідей бақылау жұмыстары алдағы уақытта да жалғасады. Біз халыққа берген уәдемізді толығымен орындаймыз, - деді партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, облыстық мәслихаттағы «Nur Otan» фракциясы жетекшісі Ербол Данағұлов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT