+7 (701) 759 90 19
USD 425.71 EUR 495.53
RUB 5.99 CNY 66.56
Jańalyqtar

2025 жылға дейін ауасы барынша ластанған 10 қала газға көшеді

2021 жылғы 13 қазан 18:29
Бөлісіңіз:
2025 жылға дейін ауасы барынша ластанған 10 қала газға көшеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев экологиясы нашар қалаларды баламалы энергия көздеріне көшіру жоспары туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
«Теңізшевройл» отандық кәсіпорындардың тауарын сатып алуды ұлғайтуы керек – Энергетика министрі Қарағанды облысында ең ескі ЖЭО жаңғыртылады Сұйытылған газ бағасына қатысты түсінік бере алмаймын – Энергетика министрі

«2025 жылға қарай неғұрлым ластанған 10 қала газдандырылып, баламалы энергия көздеріне ауыстырылатын болады. Қазақстанның жаңартылатын және баламалы энергетиканы дамыту үшін зор әлеуеті бар. Біздің болжамдарымызға сәйкес, 2030 жылға қарай энергия теңгеріміндегі ЖЭК үлесі кем дегенде 15% - ды құрауы тиіс», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев «Париж келісімінің мақсаттарына қол жеткізу жолдары және Қазақстанның көміртегі бейтараптылығы» атты халықаралық конференцияда.

Сондай-ақ, Президент осы бағытта қабылданып жатқан шараларға тоқталды.

«Ол үшін біз нормативтік ортаны жетілдіреміз, барынша тартымды жағдайлар жасаймыз. Біздің стратегиялық халықаралық әріптестерімізбен бірқатар жобаларға белгілі бір үміт артамыз. Қазақстан жасыл қаржыландыруға көп көңіл бөледі – Астана халықаралық қаржы орталығының базасында «жасыл қаржы орталығы» жұмыс істейді» - деген Мемлекет басшысы қазақстандық «Даму» институты БҰҰ Даму бағдарламасымен бірлесіп «жасыл облигацияларды» биржаға сәтті шығарғанын еске салды.

«Биыл Қазақстан қор биржасында Қазақстандағы баламалы энергетика нысандарын қаржыландыру үшін Азия даму банкінің жасыл облигацияларының 2 өнімі шығарылд», - деп түйіндеді Президент.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT