2025 жылға қарай қосымша 246 ауылдық елді мекенге газ тартылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2025 жылға қарай қосымша шамамен 246 ауылдық елді мекенге газ тартылады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша елді мекендерді газдандыру деңгейі 53,07 пайызды құрады Еліміздегі 6 162 елді мекеннің 1 468-і газдандырылған, оның ішінде 1 428-і - ауылдық елді мекендер. Бүгінгі таңда еліміздің 18 532 мың халық санынан 9 836 мың адам табиғи газға қол жеткізді. Оның ішінде 4 млн адам - ауылдық елді мекен тұрғындары. Газдандыру деңгейі 90 пайыздан асатын неғұрлым газдандырылған өңірлер: Атырау облысы - 99,6, Маңғыстау облысы – 99, Алматы қаласы – 98,8, Батыс Қазақстан облысы - 96,5, Шымкент қаласы - 92,1 және Ақтөбе облысы - 90,1 пайыз», - деді министр.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта республика өңірлерін одан әрі газдандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

«Қолданыстағы және перспективалы газдандыру жобалары бойынша талдау жүргізе отырып, ауылдық елді мекендерді газдандырудың болжамды жоспары жасалды. Оған сәйкес 2025 жылға қарай қосымша шамамен 246 ауылдық елді мекенді немесе 900 мың адамды газдандыру күтілуде. Оның ішінде: 2021 жылы 52 ауылдық елді мекен немесе 389 мың адам, 2022 жылы – 49, 2023 жылы – 76, 2024 жылы - 31 және 2025 жылы - 43 ауылдық елді мекен», - деді Нұрлан Ноғаев.


Соңғы жаңалықтар