+7 (701) 759 90 19
USD 386.30 EUR 428.14
RUB 6.08 CNY 54.87
Jańalyqtar

2050-Даму стратегиясы: Алматы қалай түрленеді

2019 жылғы 21 қараша 13:25
Бөлісіңіз:
2050-Даму стратегиясы: Алматы қалай түрленеді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Бүгін Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қоғам талқысына ұсынған Даму стратегиясында 7 басым бағыт айқындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматы әлемдегі үздік 100 қаланың қатарына енетін болады - Сағынтаев Сағынтаев Алматының 2050 жылға дейінгі Даму стратегиясы туралы айтты

2050 жылға дейінгі стратегияда 7 салаға басымдық берілді:

1. Шекарасыз қала

2. «Ақылды» қала.

3. Тең мүмкіндіктер қаласы.

4. Қауіпсіз қала.

5. Жасыл қала.

6. Жаһандық іскерлік орталық.

7. Мәдени қала.

Құжатқа сәйкес, Алматы әлеуметтік, ділдік және физикалық кедергілерсіз қалаға айналуы тиіс. Шаһарда бақуатты «жоғарғы жақ», дамымаған өндірістік «төменгі жақ», дамымаған шеткі аймақтар ұғымы болмауы керек. Қаланың әр бұрышы орталыққа айналады. Ұзақмерзімді перспективада қаланың шеткі аудандары мен төменгі жақтарында полицентризм қағидасы 6 аймақта жасалады.

2050 жылға таман Алматы мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қолайлы, smart тәжірибені барлық жерге енгізген қала болады.

Мұнда қылмыс көрсеткішін әрі төтенше жағдайлардың болу ықтималдығын төмендету жоспарланып отыр.

Мегаполис Жаңа Жібек жолындағы халықаралық сауда және қаржы орталығына айналады.

Қаланың экологиялық ахуалы түзеліп, басты өзендер арасында экологиялық дәліздер сияқты бірегей жобалар жүзеге асады.

Толық мәтінмен мына жерде танысуға болады.






Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Алматы, Аймақ,
Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT