21 қаңтар күні астанада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы
НҰР-СҰЛТАН
10.00-де Сенаттың кезекті отырысы басталады. Сенат отырысы палатаның www.parlam.kz сайтында онлайн режимде көрсетіледі.
15.00-де ҚР ҚК ұлттық әскери-патриоттық орталығында 2020 жылы төтенше жағдай кезінде жас бүлдіршіндерді қар құрсауынан құтқарып қалған Бауыржан Қуатұлы, Нариман Бейсембайұлы және Ержан Жанатұлын жасаған ерлігі үшін марапатталады.
Оларға Нұр-Сұлтан қаласы әкімі атынан, ҚР ҚК ұлттық әскери-патриоттық орталығының басшылығының және «Жас Сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы РҚБ Нұр-Сұлтан қалалық филиалының төрағасы атынан алғыс хат пен бағалы сыйлық тапсырылады.
17.00-де Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бас онкологы, ҚазОРҒЗИ басқарма төрайымы, м.ғ.д. Диляра Қайдарованың қатысуымен тікелей эфир өтеді.
Тақырыбы: Жатыр мойнының қатерлі ісігі: алдын алу және скрининг.
Эфир Диляра Қайдарованың Instagram парақшасында өтеді.