+7 (701) 759 90 19
USD 426.14 EUR 517.08
RUB 5.74 CNY 66.17
Jańalyqtar

21 сәуір. Туған күн иелері

2021 жылғы 21 сәуір 08:08
Бөлісіңіз:
21 сәуір. Туған күн иелері

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 21 сәуірде тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

68 жыл бұрын (1953) ақын, журналист- жазушы, аударамшы Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Бақытжан Ошақбайұлы ТОБАЯҚ дүниеге келді.

Алматы облысында туған. Қазақ политехникалық институтын, Қазақ мемлекеттік университетін, Қазақ ғылыми-техникалық ақпарат институтының экономикалық курсын, Энергетика ғылыми-зерттеу институтының аспирантурасын бітірген.

«Қазтехэнерго» кәсіпорнының инженері, Энергетика министрлігінің аға инженері, Энергетика ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері, Қазақ энциклопедиясының ғылыми редакторы, «Білім және еңбек» («Зерде») журналының бөлім меңгерушісі, «Халық Кеңесі» газетінің бөлім меңгерушісі, «ТАҢ» телекомпаниясының комментаторы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бөлім бастығы, «Қаржы-Қаражат» журналының арнаулы тілшісі, Қазақстан Республикасы Кәсіпорындарды қайта ұйымдастыру агенттігінің бөлім бастығы, Қазақ телеграф агенттігінің редакторы, «Хабар» агенттігінің редакторы, Қазақ мемлекеттік басқару академиясы журналының жауапты редакторы, Алматы қалалық әкімшілігі Тіл басқармасының бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған. Қазір ұлттық «КЕГОК» энергетикалық компаниясында жұмыс істейді. Ақынның «Бостан», «Металдар құпиясы», «Егемен елдің экономикасы», «Сонар», «Адамзат тірлікті дәулет білмек..», «Құланиек», «Алматы көшелері», «Күреңбел» атты кітаптары жарық көрген.

57 жыл бұрын (1964) ЕҚЫҰ-ның ұлттық азшылық істері жөніндегі жоғарғы комиссары Қайрат Құдайбергенұлы ӘБДІРАХМАНОВ дүниеге келді.

Алматы облысы Панфилов ауданы Жаркент қаласында туған.Қазақ мемлекеттік университетін, аспирантурасын тәмамдаған.

Қазақ политехникалық институтының оқытушысыболған. 1993-1998 жылдары – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің үшінші, екінші хатшысы, бөлім меңгерушісі, Азия елдері басқармасы бастығының, Азия елдері департаменті директорының орынбасары, Азия, Таяу Шығыс және Африка басқармасының бастығы - ІV департаменті директорының орынбасары. 1998-1999 жылдары – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі III департаментінің, Екі жақты қатынастар департаментінің директоры. 1999-2001 жылдары – Қазақстан Республикасының сыртқы істер вице-министрі. 2001-2003 жылдары – Қазақстан Республикасының Ұлыбританиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі. 2003-2006 жылдары – Қазақстан Республикасының Израильдегі Төтенше және Өкілетті Елшісі. 2006-2007 жылдары – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары. 2007-2008 жылдары – Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі. 2008-2011 жылдары Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы және Вена қаласындағы басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі. 2013 жылы Қазақстан Республикасының Словения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі. 2013-2016 жылдары Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі қызметін атқарды. 2016-2018 жылдары ҚР Сыртқы істер министрі болды. 2019-2020 жылдары Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Дания Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болды.

Қазіргі қызметінде – 2020 жылдың желтоқсан айынан бастап.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аяулым Алтынбек

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT