+7 (701) 759 90 19
USD 426.99 EUR 514.35
RUB 5.72 CNY 65.96
Jańalyqtar

22 сәуір. Туған күн иелері

2021 жылғы 22 сәуір 08:08
Бөлісіңіз:
22 сәуір. Туған күн иелері

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 22 сәуірде тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

93 жыл бұрын (1928-1990) актер, Қазақстанның халық әртісі Нұрмұхан ЖАНТӨРИН дүниеге келді.

Атырау облысының Махамбет ауданында туған. Ташкент театр өнері институтын бітірген. 1952-1967 жылдары және 1988 жылдан өмірінің соңына дейін Қазақ академиялық драма театрының сахнасында өнер көрсеткен. 1967-1988 жылдары «Қазақфильм» киностудиясында актер болған. Актер көптеген спектакльдер мен фильмдерде ойнаған. Ол театрда С.Мұқановтың «Шоқан Уәлихановында» Шоқан, Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш - Баян сұлуында» Қодар (осы шығармалар бойынша қойылған фильмдерде де ойнаған), М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» пен «Қарагөзінде» Кебек пен Сырым, Н.Хикметтің «Елеусіз қалған есіл ерінде» Доктор, М.Каорудың «Шығыстағы бір бейбағында» Синтаро, М.Булгаковтың «Жендеттерінде» Мольер, сондай-ақ, У.Шекспирдің «Оттелосы» мен «Макбетінде» Яго және Макбет (соңғысы Қарағанды облысы қазақ драма театрында), А.Пушкиннің «Шағын трагедияларында» Сальери, Барон және Дон Жуан рольдерін сомдап, үздік актерлік шеберлігін танытқан. 1948 жылдан киноға түсе бастаған. Кинодағы алғашқы рөлі «Аласталған Алитет» фильміндегі чукча жігіті - Туматуге. Жантөрин 80-ге жуық фильмге түссе, соның 30-дан астамында басты рөлде ойнаған. Олардың қатарында Ш.Уәлиханов («Оның уақыты келді»), Абылайханов («Атаманның ақыры»), Құрманғазы («Құрманғазы»), Сапар («Сапарқұдығы»), Шал («Көлеңкесін қуған шал»), Бейбарыс сұлтан («Сұлтан Бейбарыс»), т.б. бейнелері бар. Режиссер ретінде Цой Гук Инмен бірлесіп «Орман балладасы», Н.Жайнақовпен бірге «Медальдің үшінші жағы», «Қарамаржан» фильмдерін түсірген. Алматы қаласында Жантөрин атындағы көше бар.

58 жыл бұрын (1963) ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің аппарат басшысы Серік Рахметоллаұлы ЕГІЗБАЕВ дүниеге келді.

Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын «агроном», Қазақ мемлекеттік заң академиясын «заңгер» мамандықтары және ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясын бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын 1980 жылы Орал (қазіргі Батыс Қазақстан) облысындағы Чапаев ауданы «Чапаев» кеңшарының құрылыс бөлімінің жұмысшысы болып бастады. 1980-1985 жылдары – Орал облысы Чапаев ауданы «Чапаев» зауытында агроном. 1986-1987жылдары – Қазақстан ЛКЖО Чапаев аудандық комитетінің екінші хатшысы. 1988-1990 жылдары – Орал облысы Қазақстан ЛКЖО Жымпиты аудандық комитетінің бірінші хатшысы. 1990-1993 жылдары — Орал облыстық Қазақстан Жастар Одағы идеологиялық бөлімінің меңгеруші-хатшысы. 1993 жылы — Батыс Қазақстан облыстық Қазақстан Жастар одағының бірінші хатшысы болып тағайындалды. 1997-1998 жылдары Батыс Қазақстан облысының әкімдігінде бас инспектор, ұйымдастыру және кадр жұмысы департаменті директорының орынбасары лауазымдарында қызмет атқарды. 2000 жылдан 2001 жылға дейін ҚР Қаржы министрлігінің Ұйымдастыру және кадр жұмысы департаментінің бөлім басшысы болып жұмыс істеді. 2001-2007 жылдары ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесінде түрлі қызметтер атқарған. 2007-2016 жылдары — ҚР Президенті Әкімшілігінде түрлі лауазымдарда жұмыс істеген. 2016-2017 жылдары – ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі. 2017-2019 жылдары — «Қазақстан» РТРК басқарма төрағасының өңірлік даму жөніндегі орынбасары. 2019-2021 жылдары – Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.

Қазіргі қызметінде – 2021 жылдың ақпанынан.

56 жыл бұрын (1965) Ақтөбе облысының прокуроры Марат Жолмағамбетұлы ҚАЙЫПЖАНОВ дүниеге келді.

Қостанай облысында туған. Свердлов заң институтын тәмамдаған (1989). Еңбек жолы: Қостанай қаласы прокурорының көмекшісі, стажер (1995-1998); Қостанай қаласы прокурорының орынбасары (1998-1999); Қостанай облысы Қостанай ауданының прокуроры (1999-2000); Қостанай облысы Меңдіқара ауданының прокуроры (2000-2005); Қостанай облысы Лисаковск қаласының прокуроры (2005-2009); қылмыстық істер бойынша сот актілерінің заңдылығын бақылау бойынша басқарманың 4-ші кейін 2-ші департаментінің бастығы (2009-2011); ҚР Бас прокуратурасының сотта мемлекеттік мүдделердің өкілділігі бойынша департамент бастығының орынбасары, кейін бастығы (2011-2012). Қостанай облысының прокуроры (2012-2017).

2017 жылдың тамызынан қазіргі қызметінде.

33 жыл бұрын (1988) «Медиа дамыту қоры» корпоративтік қорының бас директоры Евгений Дмитриевич КОЧЕТОВ дүниеге келді.

Қазақ гуманитарлық-заң университетін «Қаржы және несие» мамандығы бойынша және М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген. Экономика магистрі.

2009 жыл-2013 жылдары «НұрОтан» ХДП Орталық аппаратының құрылымдық бөлімшелерінде сарапшы, кеңесші қызметін атқарды. 2013 - 2014 жылдары - «Цесна» Корпорациясы» АҚ бөлім басшысы. 2014 жылдан бастап 2016 жылға дейін - «Kazakhstan Real Estate Group» ЖШС басқарушы директоры. 2016 жылдың 1 қазанынан 2017 жылдың 12 мамырына дейін Қазақстан Республикасы Ақпарат және байланыс министрлігінің «Орталық коммуникациялар қызметі» РМҚК директоры қызметін атқарды. 2009 жылдан бастап «Литер» қоғамдық-саяси газетінің шолушысы. 2015 жылдан бастап «Қазақстан экономикасы» онлайн журналында және «Информбюро» ақпараттық-сараптамалық порталында еңбек етті. «Қазконтент» АҚ Басқарма төрағасы болды (2017-2018). «Nur Otan» партиясы Стратегиялық бастамалар институты директорының орынбасары (2018-2020).

2020 жылдан бастап қазіргі қызметінде.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аяулым Алтынбек

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT