23 ақпан күні елордада болатын маңызды шаралар аңдатпасы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 23 ақпан күні болатын маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

9.00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді. Күн тәртібінде Тұрғын үй саясатының жаңа тәсілдері, орталық және жергілікті атқарушы органдардың 2021 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындығы қаралады. Үкімет отырысы PrimeMinister.kz сайтында және әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында онлайн режимде көрсетіледі.

12.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде КПТҮ-ді басқарудың жаңа нысандарына көшу тәртібін түсіндіру туралы баспасөз мәслихаты өтеді.

Спикерлер: ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Еркебұлан Даулыбаев, «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың Қазақстандық орталығы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Нұрбек Серіков, «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» акционерлік қоғамының өңірлік даму және әдіснама департаментінің басшысы Марғұлан Әбдікәрімов. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz.


Соңғы жаңалықтар