23 қыркүйек күніне жасалған ауа райы болжамы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазгидромет Қазақстанның территориясында 2020 жылғы 23 қыркүйекте болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжау–консультациясын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанның солтүстік жартысына Солтүстік-Батыс циклон әсер етуде: жаңбыр жауады, кей жерлерінде нөсер жаңбыр жауады, солтүстік-батыста және қиыр солтүстікте найзағаймен шаңды дауыл сақталады, бұршық жаууы ықтимал.

Тек еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығысында антициклон жотасының ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша кей жерлерде жел күшейеді, батыста, солтүстік-батыста және солтүстікте тұман күтіледі.

Солтүстіқ Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман, шаңды дауыл, бұршақ күтіледі, жел 15-20 м/с-ға дейін күшейеді, күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с.

Ақмола, Ақтөбе, Павлодар облыстарында жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с, Ақмола облысының түнде және таңертең кей жерлерінде тұман күтіледі.

Шығыс Қазақстан, Қарағанды, таңертең және күндіз Қызылорда, күндіз Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында екпіні 25 м/с, Батыс Қазақстан облысында тұман күтіледі, Қарағанды облысының солтүстік-шығысында түнде және таңертең топырақ бетінде 1-3 градус үсік күтіледі.

Қарағанды облысының басым бөлігінде, Қызылорда, кей жерлерінде Ақтөбе, Түркістан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде төтенше өрт қаупі сақталады. төтенше өрт қаупі сақталады.

Соңғы жаңалықтар