+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

23 маусым күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

2021 жылғы 22 маусым 20:05
Бөлісіңіз:
23 маусым күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 23 маусым күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

10.00-де ҚР Парламенті Мәжілісінің Жалпы отырысы өтеді.

10.00-де Ұлттық нейрохирургия орталығында республикалық БАҚ өкілдері үшін баспасөз туры өтеді. Баспасөз туры аясында журналистер Қазақстан мен Орталық Азияда алғаш рет пайда болған гамма-пышақ қондырғысының жұмысымен таныса алады.

11.00-де Hilton Garden Inn Astana қонақ үйінде елордада «Қазақстандық денсаулық сақтау менеджерлерінің қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігі қызметінің тұсаукесер рәсімі басталады.

12.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Қазақстан барысы турниріне 10 жыл» атты баспасөз мәслихаты өтеді. Спикерлер: Үш дүркін «Қазақстан Барысы» Бейбіт Ыстыбаев, ҚР МСМ Дене шынықтыру және спорт комитетінің төрағасы Серік Сәпиев, «Qazaq kuresi» қауымдастығының бас директоры Абат Имамбаев. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz.

16.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «ҚР эпидемиологиялық ахуалы туралы» баспасөз мәслихаты өтеді. Спикерлер: ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Тұрысов, ҚР ДСМ санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова, Атамекен ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT