23 маусымда өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі 23 маусым күні Нұр-Сұлтанда өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

9.00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді. Күн тәртібінде – Инвестициялық саясат тұжырымдамасы қаралады.

10.00-де ҚР Парламенті Сенатының отырысы өтеді.

10.00-де EXPO халықаралық көрме орталығында Automechanika Astana - 2022 халықаралық көрмесі басталады.

11.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында Қарағанды облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» баспасөз мәслихаты өтеді. Спикер: Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz

11.00-де Ұлттық кітапхана ғимаратында Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл Эльвира Әзімова мен ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының (ДИАҚБ) директоры Маттео Мекаччи арасында өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылады.

14.30-да ҚР Ішкі істер министрлігінде Қазақстан полициясының 30 жылдығына арналған ІІМ-нің «Ашық есік күні» өтеді.

19.00-де Музыкалық жас көрермен театрында «Ғашық жүрек» поэтикалық-музыкалық қойылымы өтеді.


Соңғы жаңалықтар