+7 (701) 759 90 19
USD 426.99 EUR 514.35
RUB 5.72 CNY 65.96
Jańalyqtar

23 сәуір. ҚазАқпарат күнтізбесі

2021 жылғы 23 сәуір 07:00
Бөлісіңіз:
23 сәуір. ҚазАқпарат күнтізбесі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚазАқпарат оқырмандарына 2021 жылғы 23 сәуірге арналған күнтізбесін ұсынады.

АТАУЛЫ КҮНДЕР

Бүкіл дүниежүзіліккітапжәне автор құқығынқорғаукүні

Бұл мерекені 1996 жылы UNESCO Уильям Шекспир (1564-1616), Мигель де Сервантес (1547-1616) және жазушы-тарихшы Инко Гарсиласоде ла Веганы (1539-1616) еске алу мақсатында бекітті. Бұл үш жазушы да 1616 жылғы сәуірдің 23-інде өмірден өткен. Қазір барлық өркениетті елдерде кітап жәрмеңкелері, көрмелер мен фестивальдар өткізіледі. Халықаралық атаулы күннің мақсаты - кітап пен оның авторларына құрмет көрсету ғана емес, халықты ағарту, мәдени дәстүрлер санасын дамыту болып табылады.

Түркия Республикасының ұлттық егемендік және балалар күні

1919 жылы Мұстафа Кемаль Ататүрік бастаған түрік халқы Түркияның тәуелсіздігі үшін соғысты бастады. 1920 жылы 23 сәуірде Анкарада Түркияның парламенті – Ұлы ұлттық Мәжілісі құрылды. Қазақстан Республикасы мен Түркия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы 2 наурызда орнатылды.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

2004 жылы Астана қаласында Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы құрылды. Оның бас директоры болып профессор, тарих ғылымдарының кандидаты Роза Аманғалиқызы Бердіғалиева тағайындалды.

2009 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу туралы» Заңға қол қойды. Заң Наурыз мейрамын мерекелеу күндерін үш күнге - наурыздың 21-нен 23-не дейін ұлғайтуды және Қазақстан Республикасы күнін мерекелеуді алып тастауды көздеген.

2010 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында «Телелифт» жүйесі орнатылды. Бұл Орталық Азиядағы алғашқы осындай кітапхана. Соның арқасында қорда сақтаулы тұрған кітаптар бірнеше минуттың ішінде оқу залына жеткізіледі.

2010 жылы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Корея университетінің құрметті ғылым докторы атағы берілді.

2017 жылы Брюссельде өткен жас пианиношылардың Merci, Maestro! халықаралық байқауында Қазақ ұлттық өнер университетінің тәрбиеленушісі Биәли Бикенов «Ең жас орындаушы» санатында лауреат атанды.

2018 жылы Бейжіңде «Балдырған» балаларды дамыту орталығының ресми ашылу рәсімі өтті. Бұл шетелдегі қазақ тілінде білім беретін алғашқы жеке орталық.

2019 жылы Жеңіл атлетикадан Дохада өткен Азия чемпионатында 400 метрге жүгіруден ерлер арасындағы бәсеке аяқталды. Екі күн ішінде қазақстандық желаяқ еліміздің екі рекордын орнатты. Жартылай финалдық жарыста ол аталған қашықтықты 45,38 уақыт көрсеткішінде жүгіріп өткен. Литвин 400 метрді 45,25 секундта бағындырды. Бұл Қазақстанның жаңа рекорды. Бұдан басқа 100 метрге жарысудан әйелдер арасындағы бәсекеде қазақстандық Ольга Сафронова Азия чемпионы атанды. Ол аталған қашықтықты 11:17 секундта жүгіріп өтіп, құрлық додасының жаңа рекордын орнатты.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Туғанбаева

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT