24 қыркүйек күні елімізде болатын маңызды шаралар аңдатпасы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 24 қыркүйек күні елімізде болатын маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

10-00-де Мәжілісте «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде жаңа жұмыс орындарын құру туралы» тақырыбында Үкімет сағаты өтеді.

10.00-де Сенаттың кезекті отырысы болады. Сенат отырысы палатаның www.parlam.kz сайтында онлайн режимде көрсетіледі.

12.20-да ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» алаңында «Халықтың міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне қатысуы туралы» баспасөз конференциясы өтеді.

20.00-де Инстаграм әлеуметтік желісіндегі @kazautozhol парақшасында «QazAvtoJol» ҰК» АҚ «Ақылы автомобиль жолдары дирекциясы» филиалының директоры Марат Сүлейменовпен «Қазақстандағы ақылы жолдар» тақырыбында тікелей эфир өтеді. Эфир барысында Марат Сүлейменов қолданыстағы ақылы автожолдар туралы өзекті ақпаратпен және алдағы жоспарлармен бөліседі. Оқырмандардың сұрақтарына жауап беріліп, саланың өзекті мәселелері талқыланады.


Соңғы жаңалықтар