24 мамыр күнгі ауа райы болжамы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 24 мамырда ел аумағында жауын-шашынсыз ауа- райы күтіледі, тек республиканың батысында солтүстік батыстан келген циклонның ықпалына байланысты кей жерлерде жаңбыр жауады, күн күркіреп, бұршақ жаууы ықтимал, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Қызылорда облысында жел 15-20 м/с, кей жерлерде шаңды дауылмен желдің екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде күн күркіреп, жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал.

Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде жел 15-23 м/с күшейеді, Жамбыл облысында шаңды дауыл тұруы мүмкін. Қостанай облысының кей жерлерінде түнде және таңертең – найзағай, тұман, күндіз желдің жылдамдығы 18 м/с жетеді. Солтүстік Қазақстан облысының түнде және таңертен кей жерлерде тұман түседі.

Маңғыстау, түнде Атырау, күндіз Алматы,Қарағаңды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола, Қызылорда, Ақтөбе, Қостанай облыстарында, Түркістан, Қарағанды облыстарының батысында аптап ыстық болады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстік батысында өте жоғары өрт қаупі сақталады.


Соңғы жаңалықтар