24 маусымда өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі 24 маусым күні Нұр-Сұлтанда өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

10.00-де «Rixos» қонақ үйінде Түркі академиясы Ғылым кеңесінің кезекті отырвсы өтеді.

11.00-де EXPO көрме орталығында «Атамекен» ҰКП Президиумының Логистика және тасымал комитетінің отырысы өтеді.

11.00-де Sputnik Қазақстан мультимедиялық баспасөз орталығында «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, «Қазақстан Тұтынушыларының Ұлттық Лигасы» РҚБ, Қазақстанның тауар өндірушілері мен экспорттаушылар одағы және бірқатар бизнес-қауымдастықтар баспасөзбен шұғыл кездесу өтеді.

15.00-де Қазақстан Халық партиясының кеңсесі «Халық сарапшысы» Қазақстандағы ақбөкеннің тағдырын талқылау жобасын өткізеді. YouTube арнасына сілтеме: https://youtu.be/c9N-nHMvdSE

15.00-де ҚР Ұлттық музейінде Корея Республикасы елшілігі Корей мәдени орталығының ұйымдастыруымен корей сия кескіндемесінің шебері Пак Дэ Сонгтың «Мәңгілік» атты көрмесі ашылады.

15.30-де Назарбаев Университетінде Ахмет Байтұрсыновтың мерейтойына арналған конференция өтеді. Онда Түркі академиясы әзірлеген кітаптар таныстырылады.

19.00-де Қ.Қуанышбаев атындағы драма театрында «Дон Кихот» трагикомедиясының премьерасы өтеді.

19.00-де Музыкалық жас көрермен театрында «Абай-Тоғжан» қойылымы көрсетіледі.


Соңғы жаңалықтар