25 ақпан күні болатын маңызды шаралар аңдатпасы
Нұр-Сұлтан
11.00-де «Қазмедиа орталығында» Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің кезекті отырысы өтеді.
11.00-де ҚР Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында генерал-майор Шәкір Жексенбаевтың 120 жылдығына арналған мұражай экспозициясының ашылуы өтеді.
11.00-де ҚР Ұлттық музейінде «Бірлескен қазақ-корей ғылыми зерттеулері» кітаптарының тұсаукесері және меморандумға қол қою рәсімі өтеді.
12.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Мемлекет басшысының Қазақстанда тұрғын үй құрылысын дамыту мәселелері жөніндегі тапсырмаларын іске асыру туралы баспасөз мәслихаты өтеді.
Спикерлер: «Бәйтерек «ҰБХ» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Әнуар Омарқожаев, «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Алтай Күздібаев, «Отбасы банк» АҚ орталық филиалының директоры Жансұлтан Матаев. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz.
15.00-де Ұлттық академиялық кітапханада «Аманат» Қазақ күйлері антологиясы» / «Антология казахского кюя «Аманат» / Amanat Anthology of Kazakh kyui» атты қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі жинақтың тұсаукесері ұйымдастырылады.
16.00-де ҚР Ұлттық музейінде «Жақсы дәрігер» атты фотокөрменің ашылуы және «Батырлар өз ортамызда» кітабының /white book/ тұсаукесері өтеді.
17.00-де ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы музейінде Нұр-Сұлтан қаласындағы ЮНЕСКО клубының - Балаларға арналған көркемөнер мектебі педагогтарының көрмесі өтеді.
АЛМАТЫ
12.00-де Қазақстан Баспасөз клубында «Алматы қаласы Наурызбай ауданындағы көпбалалы және тұрмысы төмен отбасыларға арналған әлеуметтік орталық» жобасын жүзеге асыру туралы баспасөз мәслихаты өтеді.