+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

25 мамырда ел өңірінің басым бөлігінде аптап ыстық болады

2020 жылғы 25 мамыр 00:37
Бөлісіңіз:
25 мамырда ел өңірінің басым бөлігінде аптап ыстық болады

НҰР- СҰЛТАН. ҚазАқпарат -25 мамырда Қазақстан территориясы жоғары қысым аумағында болғандықтан, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек республиканың солтүстік батысында кей жерлерде өткінші жаңбыр жауып, найзағай, дауыл болуы ықтимал, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Алдағы үш тәулікте күн ыстық болады - Қазгидромет 15 шілде күнгі ауа райы болжамы Төрт өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрады, жел түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерлерде 25 м/с күшейеді.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде күн күркірейді, дауыл, күндіз желдің екпіні -18 м/с.

Алматы, Жамбыл, Түркістан, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде шаңды дауыл созуы мүмкін, желдің екпіні 15-20 м/с, ал Жамбыл, Түркістан облыстарында жылдамдығы 23 м/с жетеді.

Күндіз Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарында, Қарағанды облысының оңтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді. Ақмола, Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағаңды облыстарында, Атырау, Қостанай облыстарының оңтүстігінде қатты ыстық күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT