26 ақпан күні болатын маңызды шаралар аңдатпасы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 26 ақпан күні болатын маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

10.00-де Сенатта «Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік саясатын заңнамалық реттеу: жай-күйі, проблемалары және шешу жолдары» тақырыбына арналған үкімет сағаты өтеді. Үкімет сағаты палатаның www.parlam.kz сайтында онлайн режимде көрсетіледі.

10.00-де ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2020 жылғы қызмет қорытындылары және 2021 жылға арналған міндеттер бойынша кеңейтілген алқа отырысы өтеді. Отырыс сілтемесі: https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/live-stream/min-truda-translacia

10.30-да Достық үйінде Алғыс айту күнін мерекелеудің ресми бөлігі басталады.

11.00-де «Нұр-Сұлтан қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ «Астана жастары» жастар ресурстық орталығымен бірлесіп, «Цесна-Астық» Концерні» ЖШС, «Медикер Астана» ЖШС, «SaNa-K-education» білім беру орталығы, «Samruk Qyzmet» бірыңғай рекрутинг онлайн платформасы, «Астана орманы» ЖШС, «Нұрбанк» АҚ, «Қазпошта» АҚ «Астана почтамты» АФ, «Magnum Cash & Carry» ЖШС, «Қаржы орталығы» АҚ сияқты компаниялармен жұмысқа орналастыру саласында бірқатар меморандум бекітеді.

12.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде 2021 жылғы көктемгі әскерге шақыру науқаны туралы баспасөз мәслихаты өтеді. Спикер: ҚР ҚК Бас штабының ұйымдастыру және жұмылдыру жұмысы департаментінің бастығы Сәкен Жүсіпов. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz.

12.30-да Елордадағы Ж. Тәшенов және Амман көшелерінің қиылысында Жамбыл Жабаевтың ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімі өтеді. Шараға ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев қатысады.

14.00-де «Конституциялық Кеңесте жалпы юрисдикция соттарының ұсыныстарын қарау» тақырыбында онлайн режимде халықаралық дөңгелек үстел өтеді. Шара сілтемесі: https://youtu.be/p92JpiFBRzU you-tube

15.00-де ҚР ҚК Ұлтық әскери-патриоттық орталығында ақын, жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі, ҚР ҚК Ұлттық әскери-патриоттық орталығының қолдауымен «Жас Сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы «Жамбылмен бірге жырлайық» атты мерейтой өтеді.

16.00-де Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойын мерекелеудің ресми рәсімі өтеді.

16.00-де «Астана жастары» КММ қолдауымен Ж.Жабаев атындағы № 4 мектеп-гимназиясының оқушылары мен «NS-35» (Нұр-Сұлтан қаласының орта арнаулы оқу орындарының студенттері) жобасы белсенділері Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған «Жыр алыбы – Жамбыл» шығармашылық кешін ұйымдастырады.

АЛМАТЫ

11.00-де Е.Тұрсынов залында ұлы ақын, композитор Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған «Жыр алыбы – Жамбыл» атты музыкалық-поэтикалық кеш өтеді.

12.00-де Қазақстан баспасөз клубында «Шырақ» мүгедек әйелдер қауымдастығы» ҚБ «Алматы қаласы әлеуметтік әл-ауқат басқармасы» КММ қолдауымен «Мүгедектігі бар жандарға арналған тәуелсіз өмір мектебі» жобасының іске қосылуы туралы баспасөз мәслихатын өткізеді.

14.00-де Қазақстан баспасөз клубында халықаралық сирек кездесетін аурулар күніне және орфандық аурулары бар қазақстандық науқастардың проблемалары туралы баспасөз мәслихаты өтеді.


Соңғы жаңалықтар