26 қараша. Туған күн иелері

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 26 қараша күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.



ЕСІМДЕР

61 жыл бұрын (1960) Қазақстан Республикасының Грузиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бауыржан Әлімұлы МҰХАМЕДЖАНОВ дүниеге келді.

Жамбыл облысының Меркі ауданында туған. С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті) бітірген.

1983-1990 жылдары - Қазақ мемлекеттік университетінің оқытушысы. 1990-1994 жылдары - Жоғарғы Кеңес Төрағасының аға консультанты, сектор меңгерушісі, бөлім меңгерушісінің орынбасары, хатшылық меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің заң және құқықтық сараптау бөлімінің меңгерушісі. 1994-1997 жылдары - Қазақстан Республикасы Президент аппаратының заң шығару бастамасы бөлімі меңгерушісінің орынбасары, меңгерушісі, ҚР Президенті Әкімшілігі заңнама және құқықтық сараптау бөлімінің меңгерушісі, ҚР Жоғарғы сот кеңесінің хатшысы. ҚР Жоғары тәртіптік кеңесінің мүшесі, ҚР Президент Әкімшілігінің заң және сот-құқықтық жүйесі мәселелері жөніндегі бөлімнің меңгерушісі. 1997-2000 жылдары - ҚР Әділет министрі. 2000-2002 жылдары - ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары. 2002-2003 жылдары - ҚР Премьер-министрінің орынбасары. 2003-2005 жылдары - ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары. 2005-2009 жылдары - ҚР Ішкі істер министрі қызметтерін атқарған. 2009 жылдың сәуірінен - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты. 2011-2013 жылдары - Маңғыстау облысының әкімі. ҚР-ның Литва Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі және ҚР-ның Латвия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі міндетін қоса атқарушы (2013-2018). Қазіргі қызметін атқаруға 2018 жылғы мамырда кірісті. ІІІ дәрежелі «Барыс» (2004), «Парасат» (1999) ордендерімен; «10 жыл Астана» (2008) медалімен; ҚР Құрмет грамоталарымен; Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Армения, Әзербайжан, Грузия, Украина, Қырғызстан және Тәжікстан сияқты мемлекеттердің 20-дан астам медалімен наградталған.

60 жыл бұрын (1961) Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігі мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімі меңгерушісінің орынбасары Үмбетбай Ақпарұлы МАҒЗҰМОВ дүниеге келді.

Целиноград ауыл шаруашылығы институтын ауылшаруашылық өндірісінің экономист- ұйымдастырушысы мамандығымен бітірген.

Еңбек жолын 1987 жылы бастаған. Әр жылдары Астана қаласының әкімдігінде, Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігінде, «Нұр Отан» ХДП, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде, Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы елшілігінде қызмет еткен. 2009-2014 жылдары - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің кеңесшісі. 2014-2016 жылдары - Астана қаласы әкімінің көмекшісі. 2016-2018 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысы хатшылығының меңгерушісі.

Қазіргі қызметінде – 2019 жылдың желтоқсанынан. «Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен, 4 мерейтойлық медальдармен наградталған.

51 жыл бұрын (1970) Қазақстан Республикасының Хорватия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (2017 жылдан бастап), Қазақстан Республикасының Босния және Герцеговинадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (2017 жылдан бастап) Төлежан Тұрсынұлы БАРЛЫБАЕВ дүниеге келді.

Қарағанды облысының Теміртау қаласында туған. 1992 жылы Ресей мемлекеттік гуманитарлық университетін, ҚР президенті жанындағы мемлекеттік басқару институты Дипломатия академиясын тәмамдаған. Әр жылдары ҚР Сыртқы істер министрлігінде, ҚР Президент Әкімшілігінде лауазымды қызметтер атқарған.

Украинадағы Қазақстан Елшілігінің үшінші,и екінші хатшысы (1994-1997); ҚР СІМ сыртқы саясаттағы іс-шараларды жоспарлау және ақпараттық талдау басқармасының 1-і хатшысы, Украинадағы қазақстан елшісінің кеңесшісі, 1-і хатшы (1998-2002); СІМ Еуропа мен Америка департаменті жалпысаяси проблемалар бөлімінің басшысы, СІМ талдау хатшылығының бөлім басшысы (2002-2003); СІМ халықаралық келісімдер мен халықаралық құқықтық департамент басшысы (2003); ҚР Польшадағы елшісінің кеңесшісі (2003-2007); ҚР Президенті әкімшілігінде бас инспектор (2007-2008); сектор меңгерушісі (2008-2009); сектор меңгерішісінің орынбасары (2009-2012); ҚР Президенті әкімшілігі сыртқы саясат орталығы меңгерушісі (2012-2017) болып қызмет атқарған.

45 жыл бұрын (1976) ҚР ауыл шаруашылығы министрі Ербол Шырақпайұлы ҚАРАШӨКЕЕВ дүниеге келді.

Алматы облысында туған. Қазақ ұлттық университетін бітірген. әл-Фараби, заңтану бакалавры (1997);

әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік ұлттық университетін құқықтану бакалавры мамандығымен бітірген (1997), әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің экономика және құқық институты магистрі (1999).

Жұмыс тәжірибесі: ҚР Статистика агенттігі талдау және конъюнктуралық зерттеулер басқармасының бас маманы (1998-1999); ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық талдау бөлімінің консультанты (1999-2001); «Медикус Центр» ЖШС БК қаржы директоры, Ақтөбе қаласындағы филиал директоры, батыс өңірі бойынша директоры (2002-2003); қаржы департаментінің директоры – «Экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы» АҚ Басқарма мүшесі (2003-2006); ҚР Қаржы министрлігі жиынтық-талдау департаментінің директоры (2003 2006-2007 жж); «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарушы директоры (2007); «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Басқарма төрағасы (2007-2009); Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің «Қаржылық бұзушылықтарды зерттеу орталығы» РМК бас директоры (2010-2012); «ҚБТУ мұнай-газ инжинирингі және ақпараттық технологиялар институты» ЖШС, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ бас директоры (2012-2013); «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары (2013-2016); ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары (2016-2019); Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің төрағасы (01.2019-04.2019). «ҚазАгро» Холдингі» АҚ Басқарма төрағасы (2019-2021), ҚР қаржы вице-министрі (04.2021-07.2021), ҚР ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы – вице-министр (07.2021-09.2021).

Қазіргі қызметінде – 2021 жылғы қыркүйектен бастап.

42 жыл бұрын (1979) Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының судьясы Алмат Мешітбайұлы БАБАТОВ дүниеге келген.

Ол Қызылорда қаласында туған. Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірген (2001). Еңбек жолы: Астана қаласы Әділет депертаменті нормативтік-құқықтық актілерді тіркеу бөлімінде жетекші маманы (2001–2002); Павлодар облысы Әділет басқармасының жетекші, бас маманы (2002-2003); Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Заңнама департаментінің жетекші, бас маманы (2003-2005); Астана қаласы Соттар әкімшісінің сот орындаушысы (2005-2006); Астана қалалық сотының бас маманы (2006); Астана қаласы Соттар әкімшісінің сот орындаушысы (2006-2007); Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің нормативтік-құқықтық актілерін қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы (2007); Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитеті кадр жұмысы бөлімінің бас маманы (2007-2008); Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитеті соттардың қызметін ұйымдастыру басқармасының сарапшысы (2008); Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің Ақмола, Қарағанды облыстары және Астана қаласы бойынша өңіраралық инспекциясының бас маманы (2008-2009); Астана қаласы Алматы аудандық сотының судьясы (2009-2013); Қызылорда қалалық сотының төрағасы (2013-2017). Ақмола гарнизоны әскери сотының төрағасы (2017-2020).

Қазіргі қызметінде 2020 жылдың шілдесінен бастап.


Соңғы жаңалықтар