26 қыркүйекте Қазақстанда өтетін маңызды оқиғаларға шолу

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазақпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 26 қыркүйек күні Қазақстанда өтетін маңызды оқиғалардың шолуын ұсынады.

Нұр-Сұлтан

Сағат 7:00-де Astana Marathon-2021 өтеді.

Astana Marathon-2021 марафонын өткізуге байланысты 26 қыркүйекте сағат 7:00-ден 14:00-ге дейін жүгіру бағыты бойынша көлік қозғалысы толығымен шектеледі.

Осы уақытта жүгіру бағыты өтетін көшелер толығымен немесе ішінара жабылады.

Желаяқтар екі қашықтық бойынша жүгіреді: 10 км және 42,2 км. 10 км қашықтықта өтетін бағыт: Рысқұлов – Қабанбай батыр – Орынбор – Мәңгілік Ел – Рысқұлов бағыты бойынша өтеді. 42.2 км жүгіру келесі бағыт бойынша өтеді: Рысқұлов – Қабанбай батыр – Орынбор – Мәңгілік ел – Қалдаяқов – Панфилов – Тәуелсіздік – Нәжімеденов – Нұрмағамбетов – Байтұрсынов – Қошқарбаев – Жұмабаев – Момышұлы – Абылай хан – Қажымұқан – Жұмабаев – Қошқарбаев – Қонаев – Қазақ радиосы – Достық – Мәңгілік Ел – Рысқұлов.

Сағат 10:00- де «Хан Шатыр» СОСО алдында Ақтөбе облысы өнімдерінің жәрмеңкесі жалғасады.

Сағат 18:00-де Qazaqstan жеңіл атлетика кешенінде Batyrs' Battle турнирі басталады.

Алматы

Сағат 9:00-да Алматыда марафон жалғасады.

26 қыркүйек 18:00-ге дейін Желтоқсан көшесінен Наразбаев даңғылына дейінгі жол қозғалысы толықтай жабылады.






Соңғы жаңалықтар