+7 (701) 759 90 19
USD 388.07 EUR 427.54
RUB 6.08 CNY 55.36
Jańalyqtar

27-29 қазан күндері Астанада қазақ күресінен әлем чемпионаты өтеді

2017 жылғы 12 қазан 15:57
Бөлісіңіз:
27-29 қазан күндері Астанада қазақ күресінен әлем чемпионаты өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 27-29 қазан күндері Астанада қазақ күресінен өтетін әлем біріншілігіне 70-ке жуық спортшы қатысады деп күтілуде. Олардың арасында Олимпиада ойындары, әлем және Еуропа чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері бар.

Атап айтсақ, қазақ күресінен әлем чемпионатының үш дүркін жүлдегері, Самбодан әлем кубогының бірнеше мәрте жеңімпазы, Ресей құрамасының капитаны - Максим Шираев, самбодан Еуроодақ елдері чемпионатының жүлдегері, молдовалық - Евгений Шершнев, дзюдодан 18 жасқа дейінгі балуандар арасындағы Еуропа кубогының иегері (2013ж), украиналық - Артем Плиев және Украина чемпионатының 2 орын иегері (2015 ж.) Дмитрий Бородин бар. Армения елінен Кадеттер арасындағы Еуропа чемпионатының жүлдегерлері - Бадалян Погос, Хитарьян Геворг, Налбандян Давид қатысады.

Сонымен қатар, дзюдодан жасөспірімдер арасында әлем чемпионы және үш дүркін Еуропа чемпионы, грекиялық Нтанацидис Алексиос, жасөспірімдер арасында әлем және Еуропа чемпионатының жүлдегерлері Масманидис Тенторе, Цоумитас Димитриос, дзюдодан Еуропа чемпионатының жеңімпазы, грузиялық Гурам Тушишвили мен қазақ күресінен әлем чемпионатының жеңімпазы Леван Матиашвили келеді деп күтілуде.

Ал, еліміздің намысын жастар арасындағы әлем чемпионы, ересектер арасында екі дүркін Азия чемпионы Әділжан Ыстыбаев, «Еуразия барысы» Марат Нигматуллаев бастаған спортшылар қорғайды.

Еске салайық, чемпионат 8 салмақ дәрежесі және абсолюттік дәрежеде өтеді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Спорт,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT