27 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр – министрлік

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Стационарларда коронавирус жұқтырған 2 868 науқас жатыр. Бұл туралы ҚазАқпарат Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 7 941 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 384 бала бар. Стационарларда 2 868 науқас жатыр. 5 073 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 182 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 21 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 27 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр», - делінген министрлік хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар