28 қазанда Қазақстанда өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 28 қазанда Қазақстанда өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

10.00-де ҚР Парламент Мәжілістің жалпы отырысы өтеді. Отырыс Мәжілістің сайтында онлайн режимде көрсетіледі.

10.00-де Еуразия ұлттық университетінің «Абай академиясы» ғылыми-зерттеу институты «Абай мұрасы» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.

10.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов «Нұрлы Жол» инфрақұрылымдық даму мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөнінде баспасөз мәслихатын өткізеді.

АЛМАТЫ

9.30-да COVID-19 жаһандық дәуірі: «Коммуникация траекториясының өзгеруі. Кәсіп пен саладағы жаңа сын-қатерлер» атты онлайн PR форум өтеді.

11.00-де Вознесенкий соборында ғимараттың толық қалпына келтірілуіне арналған баспасөз шарасы өтеді.

11.00-де Абай атындағы ҚазҰПУ-да «Ұлы дала тұлғалары» сериясымен жарық көрген ғылыми-танымдық кітаптардың тұсаукесері өтеді.


Соңғы жаңалықтар