+7 (701) 759 90 19
USD 432.01 EUR 518.67
RUB 5.61 CNY 66.48
Jańalyqtar

29 қаңтар күні елімізде болатын маңызды шаралар аңдатпасы

2021 жылғы 28 қаңтар 20:37
Бөлісіңіз:
29 қаңтар күні елімізде болатын маңызды шаралар аңдатпасы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 29 қаңтарда болатын маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

10.00-де ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 2020 жылдың қорытындысы бойынша Алқа отырысы өтеді. Іс-шараға Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Е.Жиенбаев, Нұр-Сұлтан қаласы әкімі А.Көлгінов пен Шымкент қ. әкімі М.Айтенов, ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Б.Мусин, «Nur Otan» партиясының хатшысы А.Қырықбаев, «Қазақфильм» АҚ президенті А.Сатаев, Нидерланд Корольдігінің Қазақстандағы Төтенше және өкілетті Елшісі А.Карстенс, ҚР Парламенті Мәжілісі мен Сенатының депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың, қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, Агенттіктің және оның аумақтық органдарының басшы және жеке құрамы (бейнеконференцбайланыс арқылы) қатысады. Онлайн-көрсетілімге сілтеме: youtube.com/c/АнтикоррупционнаяслужбаРК/featured, https://www.facebook.com/anticorruption.kz.

10.00-де Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтеді.

10.00-де Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтымен бірлесіп, ҚР ҰҒА академигі, Еңбегі сіңген ғылым қайраткері, заң ғылымдарының докторы, профессор С.З. Зимановтың 100 жылдығына арналған «Академик С.З. Зиманов: өнегелі өмірі және ғылыми жетістіктері» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізуді жоспарлап отыр.

11.00-де Нұрсұлтан Назарбаев Қорының жанындағы Әлемдік экономика және саясат институты Мәжіліс сайлауының қорытындысы мен Қазақстанның партиялық алаңының даму бағдарын талқылауға арналған онлайн-конференция өткізеді.

19.30-да «Астана Балет» театрында «Щелкунчик» қойылымы болады. Қойылым Мариинский театрының әртістері Оксана Скорик пен Евгения Коновалованың қатысуымен өтеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Қаһарман

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT