3,5 мыңнан астам ауыл жаңартылады - Президент

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жаңа өңірлік стандарттарға сәйкес 3,5 мыңнан астам ауыл жаңартылады. Бұл туралы «Nur Otan» партиясының кезектен тыс XX Съезінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Өңірлердегі тұрмыс сапасын жақсарту басты назарымызда болады. Жаңа өңірлік стандарттарға сәйкес, 3,5 мыңнан астам ауыл жаңартылатын болады. Барлық қалалар мен ауылдар сумен қамтамасыз етіледі. 246 елді мекенге газ тартылады. Мұндай елді мекендерде 900 мың адам тұрады. Олардың 350 мыңнан астамы Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Жезқазған және Теміртау қалаларының тұрғындары», - деді Мемлекет басшысы.
ҚР Президенті 53 тазалау қондырғысын орнату және жаңғырту арқылы еліміздің барлық өңіріндегі ауыз суды тазартуға мүмкіндік туатындығын айтты. Бұл осы саладағы түйткілді мәселенің ұтымды шешімі болмақ.
«Жол құрылысы қолға алынады. Әр ауылға дейінгі барлық жолдар, яғни 27 мың шақырым жол жөндеуден өткізіледі. Облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалалар жылдамдығы жоғары 5G интернетімен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар ауылдардың 99 пайызы осындай мүмкіндікке ие болады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
- Қасым-Жомарт Тоқаев Индонезия Президенті Джоко Видодоға көңіл айтты
- ҚР Президенті: Мәжілістің жаңа құрамы халықтың әл-ауқатын жақсартуға баса көңіл бөлуі тиіс
- Қарағанды облыстық мәслихатының құрамы 60 пайыздан астам жаңарды
- Партияларға Парламентке өтуге мүмкіндік жоғарылайды - Әли Бектаев
-
БҚО мәслихатына жаңадан хатшы сайланды
-
ҚР Президенті Премьер-Министрді тағайындауға қатысты: Пікірталас ашық әрі айқын болды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам