3 желтоқсан. ҚазАқпарат күнтізбесі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандар назарына 2019 жылғы 3 желтоқсанға арналған күнтізбені ұсынады.

3 желтоқсан, СЕЙСЕНБІ

Мүмкіндігі шектеулі жандардың халықаралық күні

1992 жылдың аяғында БҰҰ Бас Ассамблеясы мүгедектер онжылдығының (1983-1992) аяқталуына орай 3 желтоқсанды мүгедектер күні етіп жариялады. Кез келген мемлекеттің құндылығы мен ізгілігі балалар мен қарттарға, мүгедектерге деген қарым-қатынасымен айқындалады. Мүмкіндігі шектеулі жандардың халықаралық күні туғанынан өмірдің азабын тартқан жандарға тағы бір назар аударып, жанына желеу болуға мүмкіндік жасайды.

БҰҰ мәліметтері бойынша, әлемде 600 миллион мүмкіндігі шектеулі жан бар.

Пестицидтерден бас тарту күні

Алғаш рет 1998 жылы өткізілген. Бұл дата 1984 жылы болған Бхопал апатына арналып таңдалған.

Бхопал апаты – Үндістанның Бхопал қаласындағы Union Carbide India Limited химия зауытында болып, қаза болғандар саны бойынша ең ірі техногендік апат.

ЕСТЕ ҚАЛАЛАР ОҚИҒАЛАР

1993 жылы Бішкекте құрылған рухани байлықтың қайта түлеуіне жәрдемдесуші «Руханият» халықаралық қауымдастығы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа «Жыл адамы» құрметті атағын берді.

1993 жылы Каспийдің қазақстандық қайраңында геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу үшін Халықаралық консорциум құру туралы Келісімге қол қойылды. Шетелдік жеті компаниядан («Аджип», «Бритиш Петролеум», «Статойл», «Бритиш Газ», «Мобил», «Total», «Shell») және бұл жобаның операторы ретінде шыққанг «ҚазақстанКаспийШельфтен» құрылған консорциум аймақтың мұнай әлеуетін үшжылдық геологиялық зерттеу туралы келісімге қол қойды.

2009 жылы Қазақстанда тағы екі халықаралық пошта маркасы шығарылды.

Маркалар фауна мен флораға арналған. Олардың бетінде долана өсімдігі мен итаю бейнеленген. Әрқайсысы 180 теңгеден тұратын 100 мың данадан шығарылды.

Қазпошта маркаларында бұдан бұрын да суреттелген жануарлар мен өсімдіктердің барлық түрлері Қазақстанның Қызыл кітабына енген.

2010 жылы ЕҚЫҰ саммитінде Астана декларациясы қабылданып, онда ЕҚЫҰ-ның барлық өзгерістеріндегі барлық нормалар, қағидаттар мен міндеттемелерді орындау айқындалған.

2012 жылы Түркия Республикасында Түркияның ірі провинцияларының бірі Невшехир орталығында «Қазақстан» саябағы ашылды.

Осыған орай қаладағы орталық Конгресс-холлда «Президент Нұрсұлтан Назарбаев - Қазақстанның негізін қалаушы және лидер» конференциясы және ҚР Тұңғыш Президенті туралы фотокөрме, кітап көрмесі (оның ішінде Н.Назарбаевтың кітаптары болды) ұйымдастырылды.

2012 жылы Астанада IABG GmbH неміс компаниясының тұрақты өкілдігі ашылды. Бұл компания Қазақстанда ғарыштық құралдарды сынақтан өткізу мен құрастыру бойынша қызмет көрсетуде үлкен тәжірибеге ие.

2013 жылы жас әнші Мария Мудряк Магда Оливера (Италия) атындағы халықаралық опера байқауының үш бірдей премиясын жеңіп алды. Миландағы конкурсқа қатысу үшін әлемнің 19 елінен 150 әнші келген.

М.Мудряк Ла Скала театрында «Тоска» операсында Пастушканың рөлін ойнады. Ол Қазақстанды Италия, Германия, Франция, Швейцария, Испания, Ресей, Польша мемлекеттік концерттерінде таныстырып жүр.

2014 жылы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Түрікменстан Президенті Ғұрбанғұлы Бердімұхамедов және Иран президенті Хасан Рухани Қазақстан - Түрікменстан - Иран трансұлттық темір жолын ашты.

2015 жылы Астанада Түркітілдес елдер Парламенттік ассамблеясының алтыншы пленарлық отырысы өтіп, ассамблея төрағалығы Әзербайжаннан Қазақстанға өтті. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған Түркі тілдес елдерінің парламенттік бірлестігіне Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркия кіреді.

2015 жылы Нью-Йоркте әлемге танымал Линкольн-орталығының «Alice Tully Hall» акт залында Қазақстанның Өнер апталығы салтанатты түрде ашылды. Шараның басты мақсаты – әлем қоғамын қазақ халқының мәдениетімен, дәстүрімен және өнерімен таныстыру.

2016 жылы Қазақтың ұлы ақыны Абайдың әкесі - Құнанбай Өскенбайұлына арналған «Құнанбай» көркем фильмінің авторларына әдебиет және өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын алды.

Сыйлық сценарий авторы, режиссер, ҚР халық әртісі Досқан Жолжақсыновқа, қоюшы-суретші Рустам Одинаев, сондай-ақ, актер Нұрсифат Салықова мен Айдос Бектемірге берілді.

2016 жылы Қазақстан Республикасының Нова-Горица қаласындағы Құрметті консулдығы ашылды. Оны танымал кәсіпкер, «НІТ» компаниясы басқармасының төрағасы Димитрий Пицига басқарды.

Нова-Горица – Словениялық теңіз жағалауының ең ірі қаласы және жаңа экономикалық орталығы.

2017 жылы Үндістан астанасындағы «Кутб-Минар» тарихи кешенінің аумағында «Беймәлім Қазақстан» фотокөромесі өткізілді.

Екі күннің ішінде Қазақстан туралы фотокөрмені 50 мыңнан астам шетелдік туристер мен Үндістан тұрғындары тамашалаған.

Соңғы жаңалықтар