30 игі іс: Қарағанды техуниверситетінің студенттері мұқтаж жандарға көмек көрсетті

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - ҚарТУ «Жас Орда» жастар қауымдастығы Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «30 игі іс» акциясын бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімдігіне сілтеме жасап.


Бір ай ішінде студенттер тұрмысы төмен отбасыларға бірінші қажеттіліктегі азық-түлікті таратады, балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін шығармашылық шеберлік сыныптарын, ауыр сырқаты бар балаларға көмектесу үшін қайырымдылық спорттық турнирлерін, донорлық қан тапсыру бойынша акциялар, экосенбіліктер және т.б. өткізеді.

«30 игі іс» – бұл жай ғана акция емес, бұл студенттер мен еріктілер үшін өз Отанына және оның азаматтарына сүйіспеншілік көрсетуге, жақсылық әрқайсымыздан басталатынын көрсетуге мүмкіндік. Бір апта ішінде жеті қайырымдылық іс-шара өткізілді. Ал 30 күн ішінде біздің белсенділер кемінде 30 қайырымдылық және волонтерлік акция ұйымдастырады, деді Жастар қауымдастығының төрағасы Ілияс Смаилов.

Осылайша, студенттер «Асем» және «Таңшолпан» балалар үйлеріне ойыншықтар апарды, «Благодать» қарттар үйінде ойын-сауық бағдарламасын өткізді, мұқтаж адамдарға азық-түлікпен көмектесті, жеке үйлерде тұратын қарттардың ауласын тазалады.


Соңғы жаңалықтар