30 қараша. Туған күн иелері

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 30 қараша күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

46 жыл бұрын (1973) Қазақстан Республикасының энергетика вице-министрі

Сұңғат Қуатұлы ЕСІМХАНОВ дүниеге келді.

Павлодар облысында туған. С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті (1996), мамандығы - бизнес және менеджмент; «Болашақ» институты (2007), мамандығы - заңгер.

«Қазақстан алюминийі» АҚ инженері, экономист-нормалаушы, екінші дәрежелі экономист (1996-2000); Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің бас маманы, бөлім бастығы, директордың орынбасары (2001-2003); Астана қаласы бойынша Жиынтық талдау және үйлестіру департаменті өңірлік бөлімшелері қызметін үйлестіру басқармасының бастығы, Астана қаласы бойынша Әкімшілік және аумақтық департаменті аумақтық, кадр жұмысы және мемлекеттік тілді дамыту және аударма басқармасының бастығы (2003-2004); Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігінің Маңғыстау облысы және Қарағанды облысы бойынша департаментінің директоры (2004-2007); Астана қаласы «Игілік групп-ХХI» ЖШС-ның қаржы директоры (2007-2008); «Қаныш Сәтбаев атындағы канал» РМК бас директорының орынбасары (2008); Павлодар облысы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы (2008-2010); «Қазақэнергиясараптама» акционерлік қоғамының Президенті (2010-2014); Қазақстан Республикасы энергетика министрлігінің атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің төрағасы (2014-2018).

Қазіргі лауазымына 2018 жылғы 26 қарашада тағайындалды.

43 жыл бұрын (1976) Алматы облысы әкімінің орынбасары Батыржан Құлаймергенұлы БАЙЖҰМАНОВ дүниеге келді.

Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін және Абай атындағы Қазақ Ұлттық университетін бітірген. Мамандығы бойынша - ғалым агроном, менеджер. 2008 жылы «Децентрализация» бағдарламасы арқылы Дьюк университетінде (АҚШ) білім алды.

Еңбек жолын 1999 жылы бастап, Алматы қаласындағы бизнес құрылымдарында жұмыс істеді. Әр жылдарда ҚР Премьер-Министрі кеңсесінің аға маманы, сарапшысы, ҚР Президенті кеңсесінің аға, бас сарапшысы, консультанты, ҚР Президенті әкімшілігінің инспекторы, мемлекеттік инспекторы, «ҚазАгроИнновация» АҚ басқарма төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған.

2015 жылдың қазан айынан - «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды. 2017-2019 жылдары Алматы облысы әкімінің аппарат басшысы болған.

Қазіргі қызметінде – 2019 жылдың қыркүйегінен.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен және тағы 3 медальмен марапатталған.

35 жыл бұрын (1984) спортшы, жеңіл атлет, ҚР Олимпиада құрамасының мүшесі, үш қарғып секіруден Лондон Олипиадасының чемпионы, Қазақстан тарихында қатарынан үш Олимпиадада жүлдеге ие болған алғашқы спортшы Ольга Сергеевна РЫПАКОВА дүниеге келді.

Өскемен қаласында туған. Қазақ спорт және туризм академиясының олимпиадалық спорт түрлері факультетін бітірді, жеңіл атлетикадан жаттықтырушы-оқытушы.

1994 жылдан Өскемендегі №4 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жеңіл атлетикадан спортшысы. 2000 жылдан Өскемен қаласындағы «Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер олимпиадалық резервтер спорт мектебінде дайындықтан өтті.

Лондон Олимпиадасында алтын, Бейжің және Рио-де-Жанейро Олимпиадаларында қола жүлде иеленді. XVI Азия ойындарының алтын, күміс жүлдегері. ҚР көпсайысынан бірнеше мәрте жеңімпазы және жүлдегері. Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында (Венгрия, 2001) 4-орын алды, әлем чемионатының күміс жүлдегері (Ямайка, 2002); І Азиялық бессайыс ойындарының чемпионы және басқа да көптеген халықаралық жарыстарда жеңімпаз және жүлдегер атанды. Ұзындыққа және үш қарғып секіруден үш мәрте (2007, 2008, 2009) Азия чемпионы. Бүкіләлемдік Универсиада чемпионы (2007). Әлем чемпионы (Доха, 2010). Жабық ғимаратта өткен әлем чемпионатының жеңімпазы (Катар, 2010). Дүниежүзілік «Гауһартас лигасы» кезеңдерінің жеңімпазы және жүлдегері.

34 жыл бұрын (1985) Қостанай облысы әкімінің орынбасары Ерлан Хамардинұлы ҚОЙШЫБАЕВ дүниеге келді.

Алматы қаласында дүниеге келген. 2007 жылы American University in Dubai (қаржы және банк ісі), 2008 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетітін (заңтану), 2017 жылы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын (логистика (көлік)), 2018 жылы Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Ресей бұқаралық шаруашылық және мемлекеттік қызмет академиясын (өңірлік және муниципалдық менеджмент) бітірді.

2007-2010 жылдары – Қазақстан Республикасы қаржы министрінің көмекшісі; 2010-2011 жылдары – «Самұрық-Қазына-Инвест» ЖШС-нің инвестициялық жобалар департаментінің директоры; 2011-2013 жылдары – «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ еншілес ұйымы «Көлік логистикасын дамыту ұлттық орталығы» АҚ вице-президенті; 2013-2013 жылдары – «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ филиалы – «Көлік логистикасын дамыту орталығы» директорының орынбасары; 2013-2015 жылдары – «Көлік қызметтері орталығы» АҚ президенті; 2015-2018 жылдары – «KTZ EXSPRESS» акционерлік қоғамының логистика бойынша бас директорының орынбасары; 2018-2019 жылдары – «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» акционерлік қоғамы Басқарма Төрағасының орынбасары;

2019 жылдан бастап - Қостанай облысы әкімінің орынбасары.

Соңғы жаңалықтар