30 наурыздан бастап Ақтауда бірқатар шектеу шаралары енгізіледі
Облыстың бас санитарлық дәрігері Ерғали Садымановтың қаулысымен Полиция департаментіне келесі шараларды қолға алу тапсырылды:
- енгізілген шектеулердің сақталуын қадағалау бойынша патрульдеуді ұйымдастыру және азаматтардың қоғамдық орындарда жүруін болдырмау.
- карантиндік аймақтың толықтай қоршалуын қамтамасыз ету. Ақтау аумағына жаяу кіру мүмкіндігін кесу.
- карантиндегі тұлғаларды талаптарды бұзғаны үшін жауапкершілікке тарту.
- қоғамдық аумақтарды бақылау, аумақтардың жарықтандырылуын және бейнебақылаумен қамтамасыз етілу шараларын күшейту;
- полицияның барлық жеке құрамын жұмылдыру, қажет болған жағдайда өзге құрылымдардың күшін бөлу.
- төтенше жағдай кезінде қылмыспен күрестің және сот әділдігін жүргізудің, заңдылықты, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі іс-қимыл алгоритмін даярлау.
- арандату ақпараттарын және қауесеттердің жолын кесу жөніндегі жұмысты ерекше бақылауға алу. Осындай мәліметтерді таратудың кез келген түрін қатаң тыйып, авторларын анықтап, жазалау.
Сонымен қатар сағат 19.00-ден 08.00-ге дейін қоғамдық көліктің қозғалысына шектеу қойылады.
Бұдан бөлек,
- тұрғындардың өз пәтелерінен шығуына (тек ерекше қажеттілік болғанда ғана - дүкенге, дәріханаға, қоқыс төгуге және жұмысқа баруға рұқсат етіледі);
- көршілердің, туыстардың, әріптестер және тағы басқалардың бір-біріне баруына:
- азаматтардың саябақтар, алаңдар, балалар және спорт алаңдарына баруына;
- әуежай, теміржол, автовокзалдарға шығарып салушылар мен күтіп алушылардың кіруіне;
- интернет және ойын клубтарының өзге де халыққа қызмет көрсететін орындардың жұмысына шектеу енгізіледі.
Сонымен қатар,
- Ақтау-Жаңаөзен-Ақтау, Ақтау-Тұщықұдық-Шебір-Ақтау, Ақтау-Ақшұқыр-Ақтау, Ақтау-С.Шапағатов-Ақтау, Шетпе-Жаңаөзен-Шетпе, Бейнеу-Атырау-Бейнеу, Боранқұл-Құлсары-Боранқұл бағыттарындағы қалааралық автобустардың;
- 657/658 «Маңғыстау-Бейнеу» бағытындағы пойыздың қозғалысына шектеу қойылды.