30 жылдық ынтымақтастық АҚШ пен Қазақстан қатынастарына оң әсер етті – Елші

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандағы АҚШ елшісі Уильям Мозер екі ел арасындағы 30 жылдық дипломатиялық қарым-қатынастар туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биыл біз Қазақстан мен АҚШ арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығын атап өтеміз. Қазақстанның тәуелсіздігін алғаш таныған мемлекет ретінде біз бұл мерейтойды бірге атап жатқанымызды мақтан тұтамыз. Анығында біз қарым-қатынасымыздағы маңызды оқиғалар туралы ақпаратты әлеуметтік желіде бөлісіп бастағанбыз және бір жыл бойы осы тарихи сәттерді жариялауды жалғастырамыз», - деді У. Мозер АҚШ елшілігі

Сонымен бірге елші бұрынғы Мемлекеттік хатшы Бейкердің фотосуретін көрсетті. Ол 1991 жылы 17 желтоқсанда, яғни, тәуелсіздік алған күннің ертесіне Қазақстанға келген.

«Бұл ресми сапар біздің қарым-қатынасымыздың сол кезде қаншалықты маңызды болғанын айқын көрсетеді. Біздің «30 жыл бірге» науқанымыз тек өткенді ғана меңземей, болашаққа деген мүмкіндік ретінде қарастыратынымызды да білдіреді. Отыз жылдық ынтымақтастық Америка Құрама Штаттары мен Қазақстан арасындағы қатынастарға оң әсер етті және байланыстарымыз бұрынғыдан да берік бола түсті. Президент Байден айтқандай, «Бірге алға қараймыз» және АҚШ пен Қазақстан арасындағы достық пен серіктестік тек нығая түсетініне кәміл сенімдімін», - деді АҚШ елшісі.


Соңғы жаңалықтар