31 қаңтарда Қазақстанда өтетін маңызды шараларға шолу

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 31 қаңтар күні Қазақстан қалаларында өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

Сағат 8.30-да Ұлттық биотехнологиялар орталығында Білім және ғылым министрінің қатысуымен жаңа биотехнологиялардың таныстырылымы өтеді.

10.00-де «Samruk-Aqparat» баспасөз орталығында «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының 2019 жылғы қайырымдылық қызметінің қорытындылары» тақырыбында «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қорының баспасөз мәслихаты өтеді.

10.00-де «Тәуелсіздік» сарайында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 2019 жылғы жұмыс нәтижелері туралы алқа отырысы өтеді.

10.00-де «Hilton Garden Inn» қонақ үйінде Бүкіләлемдік банк Қазақстан экономикасы туралы «Өсу импульсін қолдау» баяндамасын талқылауға шақырады.

10.45-те Нұр-Сұлтан кәсіпкерлер палатасында Нұр-Сұлтан әкімдігі, «Астана Инвест» АҚ, екінші деңгейлі банктер, бағдарлама қатысушылары және «қарапайым заттар экономикасы» бойынша несие алуға өтініш білдірген ШОБ өкілдерінің қатысуымен есептік кездесу өтеді.

15.00-де «Қазақстан» орталық концерт залында ҚР Премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев, ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің қатысуымен ҚР Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтеді.

16.00-де ҚР Әділет министрі Марат Бекетаевтың төрағалық етуімен және мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес сектордың және бизнес-қоғамдастықтың қатысуымен заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы болады.

16.00-де Қазмедиа орталығында Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай және Қазақстанда коронавирус инфекциясының алдын алу бойынша қабылданған шаралар туралы мәлімдеме жасайды.

АЛМАТЫ

10.00-де «Ritz-Carlton» қонақ үйінде «Digital Almaty: жаһандық экономиканың цифрлық болашағы» халықаралық форумы басталады.

14.30-да Digital Almaty халықаралық форумы аясында «Астана» халықаралық қаржы орталығы бюросында ашылатын QWANT бағдарламалау мектебін іске қосуға арналған «Жаңа цифрлық әлем үшін болашақ мамандарды даярлаудың бейімделген технологиясы» атты баспасөз мәслихаты өтеді.

15.00-де «Медеу» тау спорт кешенінде ҚР Автоспорт федерациясы мұз бетіндегі мотожарыс бойынша жеке әлем чемпионатының бірінші финалы туралы баспасөз мәслихатын өткізеді.


Соңғы жаңалықтар