31 наурыз. Туған күн иелері

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін, яғни 31 наурызда тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

74 жыл бұрын (1948) композитор, Қазақ КСР еңбек сіңірген өнер қайраткері, Қазақстан Композиторлар одағы басқармасының мүшесі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Алмас Ермекұлы СЕРКЕБАЕВ дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. 1966 жылы музыкалық мектепті, 1973 жылы Алматы консерваториясының (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) композиция (Ғ. Жұбанованың класы бойынша) бөлімін бітірген. 1973-1974 жылдары – осында стажер-зерттеуші, 1974-1978 жылдары – стажер-ассистент, 1982 жылдан Қазақстан Композиторлар одағының дыбыс жазу кабинетінің меңгерушісі болды. Симфониялық, аспаптық-камералық, вокалдық және эстрадалық жанрда еңбек етті. Оның камералық оркестрге арналған «Шалқыма» (1974), «Кербез» (1976), «Отырар» (1979), «Шертпе күй» (1982); «Хорлан», «Мәңгі өшпес даңқ» (1974) атты вокалдық шығармалары; «Ақсақ құлан» балеті (1975) мен «Маугли, менің бауырым» рок-опера-балеті (1982), т.б. бар.

Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының иегері (1986).

61 жыл бұрын (1961) Еуразиялық экономикалық комиссиясы статистика департаменті директорының орынбасары Гүлнар Мамырбайқызы КЕРІМХАНОВА дүниеге келді.

Жамбыл облысында туған. 1983 жылы А.Н. Косыгин атындағы Мәскеу Еңбек Қызыл орденінің тоқыма институтын «табиғи және химиялық талшықтарды иіру» мамандығы бойынша бітірді. 2003 жылы Алматы экономика және статистика академиясын «бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша бітірді. 1983-1992 жыл аралығында Қазақ ҚСР Жеңіл өнеркәсіп министрлігі жанындағы «Казгипротехлегпром» институтында инженер-технолог болып жұмыс істеген. 1993-1998 жылдары – «Алматекс» АҚ-ның бас технологы және техникалық директоры. 1998-2001 жылдары – Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөніндегі комитетінің Ақпараттық-есептеу орталығында маман, жетекші маман, сектор меңгерушісі. 2001-2004 жылдары – Алматы қаласының Ақпараттық-статистикалық орталығының бастығы. 2005-2007 жылдары – Алматы қаласы Статистика басқармасының маманы, бастықтың орынбасары, 2007-2009 жылдары – Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің департаменті директорының орынбасары, басқарма бастығы. 2009-2013 жылдары – Астана қаласы Статистика департаментінің бастығы; 2013-2014 жылдары – Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі департаментінің директоры. 2014-2016 жылдары – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің басқарма басшысы. 2016-2020 жылдары – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының орынбасары, ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің Ұлттық статистика бюросы басшысының орынбасары. Қазіргі қызметінде 2020 жылғы желтоқсаннан бастап еңбек етеді.

«Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне – 20 жыл», «Қазақстан Конституциясына – 20 жыл» медальдарымен, «Статистика үздігі» төсбелгісімен марапатталған.

54 жыл бұрын (1968) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері жоғары қолбасшылығының өкілі, генерал-лейтенант Талғат Жеңісұлы ЖАНЖҮМЕНОВ дүниеге келді.

Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданы Асубұлақ ауылында дүниеге келген. 1989 жылдан бастап Батыс әскері тобында қызмет етті. 1993 жылдан бастап ҚР ҚК-інде тыл құрылымдарында әртүрлі қызметтер атқарды. 1999 жылы РФ Қорғаныс министрлігінің Тыл және көлік әскери академиясын үздік және алтын медальмен бітірді, одан кейін ҚР ҚК Бас штабның Тылмен қамтамасыз ету департаментінің, кейіннен ҚР ҚМ Тыл департаментінің тыл басқармасының азық-түлік қызметінің бастығы болды. 2010-2013 жылдары – ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары, 2013-2014 жылдары – ҚР Қорғаныс министрлігі Әскери-техникалық саясат департаментінің бастығы, 2014-2015 жылдары – ҚР Президент Әкімшілігі Қауіпсіздік кеңесі хатшылығы меңгерушісінің орынбасары, 2015-2016 жылдары ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды. 2016-2019 жылдары – ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары. 2019 жылдың сәуір-шілде айларында цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі болды. 2019-2021 жылдары – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму экс-вице-министрі.2010 жылғы 7 мамырда генерал-майор атағы берілді.

39 жыл бұрын (1983) ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Аэроғарыш комитетінің төрағасы Баубек Жеткергенұлы ОРАЛМАҒАМБЕТОВ дүниеге келді.

Ақтөбе облысында туған. Мәскеу авиация институтын бітірген.

Еңбек жолын 2006 жылы М.В. Хруничев атындағы мемлекеттік ғарыш ғылыми-өндірістік орталығында инженер-конструктор болып бастаған. 2010–2012 жылдары «Бәйтерек» Қазақстан–Ресей бірлескен кәсіпорны» АҚ өкілдігінде бас маман, бөлім басшысы болды. 2012–2014 жылдары — ҚР Ұлттық ғарыш агенттінің Ғарыш қызметін дамыту департаментінің директорының орынбасары; директоры. 2014–2015 жылдары — ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитетінің Жобаларды сүйемелдеу басқармасының басшысы. 2015–2016 жылдары — «Ғалам» ЖШС бас директоры. 2016–2017 жылдары ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті төрағасының міндетін атқарған. 2017 жылғы мамырдан бастап 2019 жылға дейін – ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті төрағасының орынбасары лауазымын атқарған.

Қазіргі қызметінде 2019 жылдың мамыр айынан бастап еңбек етеді.


Соңғы жаңалықтар