31 наурызға дейін МӘМС жүйесінде сақтанушының мәртебесін алу маңызды - Айбатыр Жұмағұлов

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2020 жылдың қаңтар айының қорытындысы бойынша көрсетілген консультациялық-диагностикалық қызметтер 2019 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 27%-ға өсті. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының» басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2020 жылға Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 1 258 медициналық ұйыммен келісімшарт жасады. Оның ішінде 657 медициналық ұйым - мемлекеттік меншікте және 601-і — жекеменшік.

«2020 жылдың қаңтар айының қорытындысы бойынша көрсетілген консультациялық-диагностикалық қызметтер 2019 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 27%-ға өсті. Оның ішінде КТ және МРТ қызметтерін тұтыну 54%–ға, УДЗ-21%-ға артты. Қалпына келтіру емі және медициналық оңалту қызметтерінің барлық түрлері мен бейіндері бойынша 48%-ға өсуі байқалады, оның ішінде невралгия (инсульт) бейіндері бойынша көрсетілген қызметтер көлемі 3,2 есе өсті», - дейді Айбатыр Жұмағұлов.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының» баспасөз қызметінің хабарлауынша, осы жылдың 1 сәуіріне дейін елдің барлық тұрғындары шартты түрде сақтандырылған болып саналады және олар ТМККК және МӘМС пакеттері аясында медициналық қызметтерді тегін ала алады. Осы кезеңде азаматтар өздерінің сақтандыру мәртебесін анықтап, міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне тіркелуі керек. Жеңілдік кезеңі аяқталғаннан кейін, сақтандырылмаған пациенттер медициналық көмек алуды жалғастыра береді, ол тек медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында ғана, қалған қызметтерге ақылы болады. Сондықтан 31 наурызға дейін МӘМС жүйесінде сақтанушының мәртебесін алу маңызды.


Соңғы жаңалықтар