+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

4 бала қайтыс болған Аягөздегі әлеуметтік орталыққа жаңа басшы келді

2020 жылғы 2 шілде 20:11
Бөлісіңіз:
4 бала қайтыс болған Аягөздегі әлеуметтік орталыққа жаңа басшы келді

АЯГӨЗ. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының Аягөз қаласындағы Балалар арнайы әлеуметтік көмек көрсету орталығына жаңа директор тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО ақпараттық орталығының мәліметінше, бұл қызметке Шолпан Мақашева тағайындалған. Ол бұрын Шығыс Қазақстан облысының бас педиатры қызметін атқарған.

Шолпан Ермекқызы 1999 жылы Семей мемлекеттік медициналық академиясын «педиатрия» мамандығы бойынша бітірген. 2019 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде білім алған. Экономика және бизнес магистрі дәрежесіне ие. 1999 жылы «Жалпы практика дәрігері» мамандығы бойынша интернатураны аяқтаған. 2001 жылдан 2007 жылға дейін Семей политехникалық колледжінде жасөспірімдер дәрігері болып жұмыс істеген. 2007 жылдан бастап 2017 жылға дейін Үржар ауданының ауданаралық ауруханасында педиатр, балалар бөлімінің меңгерушісі және неонатолог болды.

«Осыдан кейін ол Өскемендегі Ана мен бала орталығы басшысының орынбасары, сонымен бірге облыстың бас педиатры болып жұмыс істеді. Сонымен қатар осы уақыт аралығында Шолпан Ермекқызы Түркиядағы MEMORIAL клиникасында балалардағы кистозды фиброзды диагностикалау және емдеу, Лондондағы педиатрлық қызметті басқару, шала туған сәбилерді емізу, неврологиялық ауруларды диагностикалау және емдеу ісін зерттеген», - делінген ақпараттық орталықтың хабарламасында.

Орталықтың бұрынғы директоры Нұрлан Қантаев тәртіптік жауапкершілікке тартылғаннан кейін қызметінен босатылды. Сондай-ақ осыған дейін міндетін тиісінше орындамағаны үшін орталықтың медициналық бөлімінің басшысы жұмысынан кетті. Сондай-ақ, орталықтың бірнеше жауапты қызметкері тәртіптік жазаға тартылды.

Еске салайық, Аягөздегі әлеуметтік көмек орталығында 4 бала көз жұмған болатын.

ҚР Ішкі істер министрлігі істің тергелуін өз бақылауына алды. Осы оқиғадан кейін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі еліміздің әр өңірінде орналасқан медициналық-әлеуметтік көмек көрсететін 113 мекемеге тексеру жүргізілетінін мәлім етті. Оның ішінде Аягөздегі балаларға арналған арнайы әлеуметтік көмек орталығы бар.

Кейін ведомствоаралық комиссия отырысында Қазақстандағы адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова орталықтағы көптеген кемшілікті атады.

Сондай-ақ комиссия 4 баланың өлімі қызылшадан болмағанын анықтады. Өлімге әртүрлі туа біткен аурулардың бір ай ішінде асқынып кетуі себеп болған.

Ал ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мекемені Аягөзден Өскеменге көшіру ұсынысы туралы айтты.




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT