+7 (701) 759 90 19
USD 432.01 EUR 518.67
RUB 5.61 CNY 66.48
Jańalyqtar

4 оқушы қызды қаққан мас жүргізуші: Президент тергеуді өз бақылауына алды

2021 жылғы 3 наурыз 21:28
Бөлісіңіз:
4 оқушы қызды қаққан мас жүргізуші: Президент тергеуді өз бақылауына алды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысында 4 оқушы қызды қаққан мас жүргізушіге қатысты тергеуді өз бақылауына алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Тоқаев «Астрахан-Маңғыстау» су құбырын жаңғыртуды тапсырды Атырауда Ресеймен шекарадағы көлікпен өту орындарында қатаң санитарлық бақылау орнату керек - Президент Коронавируспен күрес: Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысына бірқатар тапсырма берді

Бұл жайында Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында мәлім етті.

«Президент Алматы облысында мас жүргізушінің төрт оқушы қызды қағып кеткен жол-көлік оқиғасына қатысты тергеу жұмыстарын өз бақылауына алды. Екі қыз ауыр халде ауруханада жатыр. Мемлекет басшысы көлік жүргізушісін заңға сәйкес жауапқа тарту үшін аталған оқиғаны жан-жақты тексеру жөнінде тапсырма берді. Зардап шеккен қыздар мен олардың ата-аналарына тиісті көмек көрсетіледі» деп жазды Берік Уәли.

Еске сала кетейік, бүгін Алматы облысында мас жүргізуші 4 оқушыны қағып кетті. Әртүрлі дене жарақатын алған үш бала ауруханаға жатқызылды.

Көлік қаққан екі оқушының жағдайы өте ауыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT