4 жалған фирманы басқарған Павлодар тұрғыны сотталды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - 800 миллион теңгеден астам көлемде мемлекетке залал келтірген Павлодар қаласының тұрғыны сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Агенттіктің Павлодар облысы бойынша аумақтық департаменті жалған шот-фактураларды жазып беру дерегі бойынша Павлодар қаласының тұрғыны П.Ысқақовқа қатысты қылмыстық істі аяқтады.

«П.Ысқақов екі жыл бойы жосықсыз компанияларға салық төлеуден жалтаруға жәрдемдескен. Заңға қайшы схемаға ол бақылауындағы 4 жалған фирманы –«Трейд Маркет KZ» ЖШС, «ҚазҚызмет 2050» ЖШС, «КазСтокИнвест» ЖШС және «Жолбарыс 2050» ЖШС пайдаланды», делінген хабарламада.

Осылайша мемлекетке төленбеген салық түрінде 827 млн теңгеден астам сомаға залал келтірілген.

П. Ысқақов 4 жылға бас бостандығынан айырылды.


Соңғы жаңалықтар