5 ақпан күні Қазақстанда болатын болатын маңызды шаралар

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 5 ақпан күні Қазақстанда болатын шаралар шолуын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

Сағат 9.40-та міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жағдайында медициналық көмек көрсетуді түсіндіруге арналған пресс-тур өтеді.

Сағат 10.00-де Нұр-Сұлтан қаласының Кәсіпкерлер палатасы Нұр-Сұлтан қаласындағы қылмыстық-атқару жүйесі департаментімен бірлесіп сотталғандарды жұмысқа орналастыру туралы «дөңгелек үстел» өткізеді.

Сағат 11:00-де Ақордада Мемлекеттік хатшының қатысуымен Рухани Жанғыру жөніндегі комиссия отырысы өтті

Сағат 11.00-де «Samruk-Aqparat» баспасөз орталығында «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының 2019 жылғы қайырымдылық қызметінің қорытындылары» тақырыбында «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қорының баспасөз конференциясы өтеді.

Сағат 12.20-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында «2019 жылғы Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың қорытындылары. Көпбалалы және табысы аз отбасыларды нәтижелі жұмыспен қамтуға тартудың жаңа тәсілдерін енгізу» тақырыбында баспасөз конференциясы өтеді.

Сағат 16.20-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссия отырысының нәтижесіне арналған баспасөз конференциясы өтеді.


Соңғы жаңалықтар