5 қабаттан құбырмен түспек болған: Полиция қостанайлық бойжеткеннің өліміне қатысты түсінік берді

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат — Бүгін Қостанайда тұрғын үйдің бесінші қабатынан құлап, мерт болған Қостанайдың 23 жастағы тұрғынына қатысты облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қостанай полиция басқармасының 102 нөміріне 30 қараша сағат 05.20 шамасында қоңырау түсті. Қазіргі мәлімет бойынша, 23 жастағы бойжеткен су құбыры арқылы бесінші қабаттан түспек болған. Алайда, құлап кеткен. Жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмған», - деді департаменттен.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Еске салайық, бұған дейін Қостанайда бойжеткеннің бесінші қабаттан құлап, мерт болғанын хабарлаған едік.


Авторы Жанна Мұсабаева


Соңғы жаңалықтар